Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
639-бап. Жалпы ережелер



Ст. 639 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Есеп жүргiзу тәртiбi бұзылған жағдайда, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық органдары салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi осы Кодекстің 639-642-баптарында белгіленген тәртіппен жанама әдiстер (активтер, мiндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негiзiнде айқындайды.  

2. Осы Кодекстің 629-бабының 4-тармағына сәйкес салық органдарының талаптары негізінде сұрау салынатын салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерді айқындау үшін негіз болып табылатын құжаттардың болмауы немесе оларды салық төлеушінің (салық агентінің) табыс етпеуі есеп жүргiзу тәртiбi бұзылған, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған деп түсініледі.  

3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес нақты салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемге қатысты салық міндеттемесін есептеу үшін қабылданатын басқа да салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде айқындау салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындаудың жанама әдістері деп түсініледі. Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi бағалау салық есептілігінен және (немесе) бастапқы есептік құжаттардан, сондай-ақ басқа да көздерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.


Статья 1 ...637 638 639 640 641 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 639-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы