Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
641-бап. Ақпарат көздері



Ст. 641 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi жанама әдістер негізінде айқындау үшін салық органдары мән-жайларға, тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) қызметінің сипаты мен түріне қарай:  

1) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақшасы және оның қозғалысы туралы көшірме жазбаларын;  

2) уәкілетті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы;  

3) салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есебінің деректерімен салыстырып тексеруге жататын салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен түсуі туралы;  

4) салық төлеуші (салық агенті) тексерілетін салық кезеңі үшін және алдыңғы салық кезеңдері үшін табыс еткен салық есептілігі нысандарынан алынған салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы;  

5) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ өзге де көздерден алынған тауарларды тиеп-жөнелтуді және (немесе) жұмыстарды орындауды және (немесе) қызметтерді көрсетуді жүзеге асырған тұлғаларға қатысты жүргізілген қарсы тексерулер нәтижелері туралы;  

6) салық органдары салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті болып табылатын, тексеру жүргізілетін салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін (тұрғын үйінен басқа) зерттеп-тексеру және (немесе) түгендеу кезінде алған мәліметтерді пайдалануы мүмкін.  

2. Салық органдары:  

1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;  

2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға, мемлекеттік емес ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға;  

3) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өнім берушілерімен және сатып алушыларымен өзара есеп айырысулары мәселесі бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізу туралы басқа да салық органдарына;  

4) шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жібереді.  

3. Қажетті ақпарат (құжатпен расталған) сондай-ақ мынадай көздерден:  

1) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) орындаған қызмет көрсету туралы тапсырыс берушілерден және сатып алынған өнім құны мен саны туралы сатып алушылардан;  

2) тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы саласында қызметтер көрсеткен, шикізат, энергетика ресурстарын және қосалқы материалдар жіберуді жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалардан алынуы мүмкін.  

4. Ақпарат көздері мән-жайларға, тексерілетін салық төлеуші (салық агентінің) қызметінің сипаты мен түріне қарай әрбір нақты жағдайда ерекшеленуі мүмкін.

Статья 1 ...639 640 641 642 643 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 641-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы