Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
642-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі



Ст. 642 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау осы Кодекстің 641-бабында белгіленген тәртіппен алынған ақпараттың негізінде жүргізіледі.  

2. Кіріс есептеу үшін салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарына, төлем карточкаларына, сондай-ақ банк шотынан көшірмемен расталатын өзге де төлем және есеп-қисап құжаттарынан ақшалардың түсуі туралы ақпарат және салық төлеушінің (салық агентінің) ақша алу фактісін растайтын басқа да ақпарат (құжаттар) пайдаланылады.  

3. Осы Кодекстің 641-бабында айқындалған ұйымдар немесе жеке тұлғалар тексерілетін салық төлеушіде алынған (алынуға жататын) басқа табысы бар екендігіне қатысты ақпарат берген кезде аталған табыстардың сомасы жалпы табыс сомасына (салық салынатын айналымға) енгізілуге жатады.  

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің салық органдары берген ақпарат негізінде салық төлеушінің экспорттық операциялары бойынша валюталық түсім сомаларының түсу фактісі анықталған жағдайда, валюталық түсімнің бұл сомасы өткізу бойынша айналым мөлшеріне және жиынтық табыс құрамына енгізіледі.  

5. Осы бапқа сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) бастапқы құжаттарымен расталмаған шығыстары корпорациялық табыс салығын есептеу үшін шегеруге және қосылған құн салығын есептеу үшін есепке жатқызылмайды.  

6. Акцизделетін тауарлар бойынша салық салынатын база осы Кодекстің 283-бабы 1 және 2-тармақтарының негізінде айқындалады.  

Бұл ретте өндірілген акцизделетін тауарлардың көлемі шикізаттың, энергетика ресурстары мен қосалқы материалдардың шығыстары мен ысыраптарының салалық нормаларына сәйкес айқындалады.  

7. Негізгі құралдардың, оның ішінде аяқталмаған құрылыс объектілерінің, көлік құралдарының, жер телімдерінің, материалдық емес активтердің, инвестициялық жылжымайтын мүліктің бастапқы құнын растайтын құжаттар салық төлеушіде (салық агентінде) болмаған (жоғалған, бүлінген) жағдайда аталған мүліктің нарықтық құны осы салық төлеушінің жиынтық табысына қосылады.  

8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген объектілердің нарықтық құны салық органдары тартқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын бағалаушының есебі негізінде айқындалады.  

9. Жалақы төлемдерін төлеуге банк шотынан ақша алу және (немесе) жеке тұлғалардың банктік шотына банк шотынан ақша аудару фактілері анықталған кезде ақша жеке табыс салығы, әлеуметтік салық салынатын салық салу объектісі болып табылады. Бұл ретте салық міндеттемесі банктің салық төлеушіге (салық агентіне) немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомаларын аудару (беру) туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өкімін орындаған сәтте туындайды.  

10. Салық органдары жанама әдістер негізінде айқындаған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер салық төлеушінің (салық агентінің) салық декларацияларында (есеп-қисаптарда) көрсетілген тиісті деректермен және салық органдарына табыс етілген өзге де есеп-қисаптармен салыстырылады.  

11. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде мәлім еткен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомалары жанама әдістерді қолдану негізінде айқындалған салықтардың сомаларынан көп болған жағдайда, тексеру кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігінде көрсетілген салықтардың сомалары қабылданады.  

12. Егер салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде мәлімдеген табыс сомасы басқа (қосымша) ақпарат көздерінен анықталған табыс сомасынан артық болған жағдайда, тексеру кезінде салық есептілігінде көрсетілген кіріс сомасы қабылданады. 

Ескерту. 642-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

643-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...640 641 642 643 644 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 642-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы