Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
645-бап. Жалпы ережелер



Ст. 645 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.

Осы тармақтың ережесi:

1) жекеше нотариаттық қызметті немесе атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың;

2) қызметін:

патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;

ашық сауда базарларының аумағында шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде;

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);

3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қоғамдық қала көліктерінде тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.

РҚАО-ның ескертпесі!

Бұл абзац 01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз).

Бұл ретте бензинді (авиациалық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушіде осындай бақылау-касса машиналарын қолдану жөніндегі міндет 2015 жылғы 1 шілдеден бастап туындайды.

 РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.

 РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақты алтыншы бөлікпен толықтыру көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

 РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың алтыншы бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

2. Жергілікті атқарушы органдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган бекіткен нысанда қалалық қоғамдық көлік тасымалдары бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде салық төлеушінің билеттерді пайдалануы туралы есепті табыс етеді.

3. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен қызмет көрсетуді төлеу терминалдары модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылады.

4. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезiнде мынадай талаптар қойылады:

1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;

3) бақылау-касса машиналарына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етiледi.

Ескерту. 645-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап, 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...643 644 645 645-1 646 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 645-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы