Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
646-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою



Ст. 646 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бақылау-касса машинасын пайдаланатын жері бойынша салық органдарына есепке қоюға модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары жатады. 

Сауда автоматтары және (немесе) қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалдарымен жарақтандырылған аппараттық-бағдарламалық кешендер болып табылатын бақылау-касса машиналары әрбір сауда автоматының және (немесе) қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалының орналасқан жері бойынша салық органында есепке қойылуға тиіс. 

Салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша мынадай: 

автодүкендер, шатырлар арқылы қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын; 

банктік компьютерлік жүйелер, оның ішінде қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалдары жарақтандырылған банктік компьютерлік жүйелер болып табылатын бақылау-касса машиналары салық органында есепке қоюға жатады. 

2. Салық органдары осы Кодекстің 645-бабының 1-тармағына сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша талап қолданылмайтын салық төлеушілердің бақылау-касса машиналарын есепке қоюды жүргізбейді.  

3. Бақылау-касса машиналарын есепке қою салық төлеуші бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін бере отырып және бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын бере отырып жүргізіледі. 

4. Фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына: 

1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;  

2) іске қосу фискалды режимді орнатпай-ақ мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;  

3) дайындаушы зауыттың паспортын;  

4) нөмiрленген, тiгiлген, салық төлеушiнiң қолымен және (немесе) мөрiмен расталған қолма-қол ақша есебінің кiтабын және тауар чектерiнің кiтабын табыс етеді. 

4-1. Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына: 

1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті; 

2) салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын; 

3) деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын 

4) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған, қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алу кітаптарын; 

5) ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді салық органдарына беруді жүзеге асыру үшін байланыс қызметтерін ұсыну бойынша фискалдық деректердің операторымен жасалған шарттың көшірмесін табыс етеді. 

5. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын және деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органына: 

1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;  

2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;  

3) салық органында тіркеуге қою үшін мәлімделген аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты табыс етеді және онымен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.  

6. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді және деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қоспағанда, бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою кезінде салық органының лауазымды адамы: 

1) салықтық өтініште көрсетілген мәліметтердің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;  

2) таңбалау тақтайшасында көрсетілген бақылау-касса машинасының зауыттық нөмiрiн дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген бақылау-касса машинасының нөмiрiмен салыстырады;  

3) қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және тауар чектерiнiң кiтабын ресiмдеудiң дұрыстығын тексередi;  

4) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жұмыс режимін белгілейді; 

5) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусына салық органының пломбасын орнатады; 

6) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ресімдейді;  

7) қолма-қол ақшаны және тауар чектерiн есепке алу кiтабын өз қолымен және оларды куәландыруға арналған мөрмен куәландырады; 

7-1) бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілген модельдерге сәйкестігін тексереді; 

8) салық төлеушіге: 

фискалдық жұмыс режимі белгіленген және салық органының пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын; 

деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын; 

қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алудың куәландырылған кітаптарын; 

бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын қайтарады; 

9) салық төлеушіге бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын береді. 

7. Бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде: 

бақылау-касса машинасы компьютерлік жүйе болғанда – салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады; 

бақылау-касса машинасы деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасы болғанда – салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады. 

8. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушіге бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою кезінде беріледі, бақылау-касса машинасының бүкіл пайдалану мерзімі бойына сақталады және салық органдарының талабы бойынша көрсетіледі.  

9. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының, тауар чегінің, фискалдық есепті алу актісінің, қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді. 

Ескерту. 646-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...645 645-1 646 647 648 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 646-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы