Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
647-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзу



Ст. 647 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде, салық төлеушi бақылау-касса машинасын есепке қойған жерi бойынша салық органына өзгерiстер туындаған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде: 

1) өзгерген мәлiметтердi көрсете отырып, бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi; 

2) бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын табыс етуге міндетті. 

2. Тіркеу карточкасын ауыстыруды: 

1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда – осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде; 

2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда – осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде; 

3) тіркеу карточкасында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша салық органы жүргізеді. 

Осы тармақшада көзделген жағдайда, салық төлеуші салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін: 

1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін; 

2) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың түпнұсқасын көрсеткен жағдайда – оның көшірмесін қоса береді. 

Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі, оны осындай салық органына ауыстыру не осы Кодекске сәйкес құжатқа сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді. 

3. Салық органының лауазымды адамы салықтық өтiнiш салық органында қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының өзгертілген тiркеу деректерi бар тiркеу карточкасын ресiмдейдi және салық төлеушiге бередi. 

4. Бақылау-касса машинасының жаңа тіркеу карточкасы берілген кезде салық органы бұрын берген бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушінің бақылау-касса машинасының аталған тіркеу карточкасын жоғалту (бүлдіру) жағдайларын қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады. 

Ескерту. 647-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...645-1 646 647 648 649 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 647-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы