ҚР Салық кодексi
648-бап. Салықтық есептілікті ұсыну
Ст. 648 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Салық агентi өзiнің тұрған жеріндегі салық органына бейрезиденттiң кірісінен төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмдерде:
1) бірінші, екінші және үшінші тоқсандар үшін – бейрезидентке кірісті төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 15-күнінен кешiктiрмей;
2) төртінші тоқсан үшін – бейрезидентке кірісті төлеу жүргізілген және (немесе) бейрезиденттің есепке жазылған, бірақ төленбеген кірісі шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 314-бабында белгіленген есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынуға мiндеттi.
Добавить комментарий к 648-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ