Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
649-бап. Фискалдық есепті алу және бақылау чегінің мазмұнына қойылатын талап



Ст. 649 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Фискалдық есепті салық органдары:  

1) салықтық тексерулер жүргізген;  

2) фискалдық жадының блогын ауыстырған;  

3) бақылау-касса машинасы есептен шығарылған;  

4) фискалды жадыға кіру паролін енгізуді талап ететін бақылау-касса машинасын жөндеу жүзеге асырылған;  

5) қолма-қол ақша есебiнің кiтабы толығымен толтырылған;  

6) қолма-қол ақша есебiнің кiтабы жоғалған (бүлінген) жағдайларда алады.  

2. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, фискалдық есепті алу үшін салық органына бақылау-касса машинасы және мынадай құжаттар: 

1) нөмірленген, тігілген, салық органы басшысының қолымен және мөрімен расталған қолма-қол ақша есебiнің және тауар чектерiнің кiтаптары;  

2) соңғы фискалдық есеп алынған күннен бастап ауысымдық есептер табыс етіледі.  

Фискалдық есепті алу кезінде деректері салық органдарының ақпараттық жүйесіне енгізілуге жататын фискалдық есепті алу актісі жасалады.  

3. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, бақылау-касса машинасының бақылау чегі мынадай ақпараттарды:  

1) салық төлеушінің атауын;  

2) сәйкестендіру нөмірін;  

3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;  

4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;  

5) чектің реттік нөмірін;  

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүргізілген күн мен оның уақытын;  

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу сомасын;  

8) фискалдық белгіні; 

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалылығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін қамтуға тиіс. 

Аппараттық-бағдарламалық кешендердің (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда) бақылау чегі осы тармақтың 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қамтуға тиіс. 

Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.  

Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау орындарында, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының бақылау чегі қосымша сату сомасы туралы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.  

4. Бақылау чегі қосымша бақылау-касса машиналарын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, соның ішінде қосылған құн салығы сомасы туралы деректерді қамтуы мүмкін. 

Ескерту. 649-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...647 648 649 650 651 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 649-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы