Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
66-бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері



Ст. 66 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және: 

1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы; 

2) салық салынатын импорт сомасы; 

3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар сатып алу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету сомасы; 

4) есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы сомасы; 

5) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері; 

6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі, оның ішінде салық кезеңінің аяғында асып кетуі; 

7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуіне арналған. 

Қосылған құн салығы жөніндегі декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуін қайтару жөніндегі талапты қамтуы мүмкін. 

Бұл ретте есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығына есептелген сомадан асып кетуін қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін. 

2. Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымша салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. 

Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай: 

1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар; 

2) қосылған құн салығынан босатылатын өткізу бойынша айналымдар; 

3) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және осындай резидент емес үшін төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы; 

4) салық салынатын айналым мөлшерін және есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету жөніндегі; 

5) сатып алушылар бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары; 

6) Қазақстан Республикасы аумағынан тауарларды импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштері бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін. 

Ескерту. 66-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

67-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

67-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері


1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен бірге бекітеді: 

1) мыналар: 

салық агенттері; 

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ басқа да жарналарды төлеу жөніндегі агенттер; 

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер; 

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер болып табылатын салық төлеушілердің санаттары үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация; 

2) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

3) салық төлеушілердің әрбір санаты:  

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары;  

осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар;  

төлем көзінен салық салынбайтын табыстар алатын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде табыстар алған салық төлеушілер, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар үшін осы декларацияға жеке қосымшалармен бірге жеке табыс салығы бойынша декларация.  

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған. 

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын, салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. 

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандарында: 

1) жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдар және (немесе) жарналар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері; 

2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірісінен жеке табыс салығын есептеу туралы ақпарат қамтылуы мүмкін. 

Бұл ретте шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшада кіріс алушылар бөлігінде мынадай: 

салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi; 

салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы; 

салық мөлшерлемелері туралы; 

халықаралық шарттарды қолдану туралы; 

Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы; 

салық шегерiмдерi туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін; 

3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бойынша жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын есептеу; 

4) жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпарат қамтылуы мүмкін. 

Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады. 

3. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

4. Дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер табыс етеді.  

Осы декларация салық төлеушілердің:  

жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстарды;  

шегерімге жатқызылған шығыстарды;  

табыстар мен шегерімдерді түзетулерді;  

салық салынатын табысты (залалды);  

салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды;  

шеккен залалдарды, есептелген салық сомасын декларациялауға арналған.  

Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.  

Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:  

1) осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 1)-6), 8)-10), 12)-15) тармақшаларында көрсетілген;  

2) осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.  

5. Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар табыс етеді.  

Осы декларация салық төлеушілердің алған табыстарын, төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығының есептелген және төленген сомасын, төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығының ұсталған сомасын декларациялауына арналған.  

Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу, Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) одан тысқары жерлерде меншік құқығында мүліктің бар екендігі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.  

Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:  

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар туралы;  

2) мүліктік және өзге де табыстар туралы;  

3) меншік құқығындағы мүлік туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.  

6. Жеке тұлғалардың басқа санаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны осы баптың 4 және 5-тармақтарында аталмаған жеке тұлғалар, оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыс алған жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.  

Осы декларация жеке тұлғалардың табыстарын, салық шегерімдерін, жеке табыс салығының сомаларын есептеуді декларациялауға арналған.  

Декларацияға қосымшалар табыстардың түрлері мен сомасы туралы, салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.  

Декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:  

1) мүліктік және өзге табыстар жөніндегі; 

2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың табысы жөніндегі; 

3) шет мемлекеттердегі көздерден алынған табыстар, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын елде алынған табыстар жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық сомасы және шетелдік салықты есепке жатқызу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымша өздерінен осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;  

4) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі;  

5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалардың табыстары жөніндегі және осындай шоттарда ақшаның бар екендігі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. 

Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (01.12.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
67-1-бап. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері 

1. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың жалға беру (пайдалануға) шарттары бойынша мынадай мәліметтерді: 

1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде); 

2) жалға алушы – дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауын; 

3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнiн; 

4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрiн; 

5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) мен жасасқан күнiн; 

6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның нақты кезеңін; 

7) жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын және нақты төленген соманы көрсете отырып, жалға беру төлемінің сомасын және (немесе) өтелетін шығыстар сомасын; 

8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсатын; 

9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жерін; 

10) өзге де мәліметтерді көрсетуге арналған. 

Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімінде сауда объектісінің, оның ішінде сауда базарының: 

1) стационарлық немесе стационарлық еместігі; 

2) жалпы алаңы; 

3) сауда алаңы; 

4) сауда желісіне кіретіндігі (кірмейтіндігі) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. 

2. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi салық органына сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi – дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 31 наурыздан кешiктiрiлмейтін мерзімде табыс етiледi. 

РҚАО-ның ескертпесі!

8-тарау 67-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

8-тарауды 67-2-баппен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...64 65 66 68 69 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 66-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы