Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 664 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
664-бап. Жекелеген жағдайларда шығыстарды пропорционалды бөлу әдісін қолдану кезінде бейрезидент-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің деректерін түзету тәртібі

1. Бейрезидент-заңды тұлға тұрақты мекемеге шегерімге жатқызуға тиіс басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын есептеу кезінде пайдаланылатын қаржылық есептілік деректерін мынадай жағдайларда:  

Қазақстан Республикасында және осындай бейрезиденттің резиденттік елінде салықтық кезеңдердің ұзақтығына сәйкес болмаған; 

көрсетілген салықтық кезеңдердің тең ұзақтығы кезінде Қазақстан Республикасында және осындай бейрезиденттің резиденттік елінде салықтық кезеңдердің басталу және аяқталу күндері сәйкес болмаған жағдайларда түзетуге міндетті. 

Бейрезиденттің қаржылық есептілігінің деректерін түзету үшін түзеу коэффициенті (К) қолданылады, ол мұндай бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық кезеңді Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңмен сәйкес келтіреді. 

2. Коэффициент (К) Қазақстан Республикасындағы салықтық кезең шеңберіне кіретін, мұндай бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық кезеңнің айлары санының бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық кезең айларының санына арақатынасы ретінде айқындалады. 

Егер Қазақстан Республикасындағы салықтық кезеңге екі салықтық кезең толық немесе ішінара кіретін болса, мұндай бейрезиденттің резиденттік елінде екі коэффициент (К1, К2) қолданылады. 

3. Бейрезидент-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің деректері мынадай түрде түзетіледі: 

К1хҚЕ (РЕ)1 + К2хҚЕ(РЕ)2, 

мұндағы К1 = СК (РЕ)1/СК (РЕ)3; К2 = СК (РЕ)2/СК (РЕ)3, 

бұл ретте: 

СК (РЕ)1 - бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салықтық кезең шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салықтық кезең айларының саны; 

СК (РЕ)2 – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салықтық кезең шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салықтық кезең айларының саны; 

СК (РЕ)3 – бейрезиденттің резиденттік еліндегі салықтық кезең айларының жалпы саны; 

ҚЕ (РЕ)1 – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салықтық кезең шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салықтық кезең үшін бейрезиденттің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі; 

ҚЕ (РЕ)2 – бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салықтық кезең шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салықтық кезең үшін бейрезиденттің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі түзетіледі.
Статья 1 ...662 663 664 665 666 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться