Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
666-1-бап. Жеке тұлғаларда салық міндеттемелерінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну



Ст. 666-1 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Салық органдары жеке тұлғаларға салық органдарының жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салық міндеттемелерінің сомаларын және (немесе) бар салықтық берешектің сомасы туралы мәліметтерді:  

1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;  

2) коммуналдық қызметтерді берушілерге есептеу үшін қолданылатын құжаттарда көрсету;  

3) салық төлеушінің электрондық поштасына жолдау;  

4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне СМС-хабарламаларды жолдау арқылы ұсынады.  

2. Осы баптың 1-тармағының 3) – 5) тармақшаларында көрсетілген қызметтерді алу үшін салық төлеуші – жеке тұлға тұратын жері бойынша салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін береді.  

Ескерту. 93-тарау 661-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...665 666 666-1 667 668 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 666-1-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы