Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 672 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
672-бап. Бейрезиденттің төленген табыс салығын халықаралық шарт негізінде бюджеттен қайтарып алуға өтініш беру тәртібі

1. Халықаралық шарттың ережелерін қолданған кезде бейрезиденттің осы бапта және осы Кодекстің 673, 674-баптарында айқындалған тәртіппен табыс салығын қайтарып алуға мынадай: 

1) салық агенті осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттің кірістерінен табыс салығын ұстап қалған және бюджетке аударған; 

2) бейрезидент халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін құрылымдық бөлімше арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістерінен табыс салығын есептеген және төлеген; 

3) бейрезидент Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерінен осы Кодекстің ережелеріне сәйкес табыс салығын төлеген жағдайларда құқығы бар. 

Бұл ретте бейрезидент төленген табыс салығын бюджеттен қайтарып алуға осы баптың 3 және 4-тармақтарында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, салықтық өтінішті (бұдан әрі осы Кодекстің осы бабының және 673, 674-баптарының мақсатында – өтініш) салық органына ұсынуға міндетті. 

2. Өтінішті бейрезидент уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша салық агенті тұрған (тұрғылықты, болатын) жердегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына екі данада ұсынады. 

Өтінішті салық органына ұсыну күні салық органының өтінішті алған күні болып табылады. 

3. Өтінішке мынадай құжаттар: 

1) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелері; 

2) бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат; 

3) алынған кірістер мен ұстап қалған немесе төленген салықтардың сомасын растайтын бухгалтерлік немесе өзге де құжаттардың көшірмелері;  

4) бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында осындай мақсаттар үшін жалдаған жұмыскерлер немесе басқа да персоналдар арқылы жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда – осындай жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарының және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін растайтын құжаттардың көшірмелері; 

5) өтінішті заңды тұлға берген жағдайда қосымша: 

құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері не 

құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент-заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан үзінді көшірмелер қоса берілуге тиіс. 

Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда мұндай бейрезидент салық агентіне: 

бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған құжатты (актіні), 

не қатысушысы бейрезидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін, оның барлық қатысушылары мен олардың географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары жасалған (құрылған) мемлекеттердің (аумақтардың) атауын) және барлық шоғырландырылған топ қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлері көрсетілген өзге де құжатты ұсынады;  

6) өтінішті жеке тұлға ұсынған жағдайда қосымша – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берілуге тиіс. 

Өтініш осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсынылған жағдайда осы тармақтың ережелері қолданылмайды. 

4. Бейрезидент депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған кірістерден табыс салығын қайтарып алуға өтінішті ұсынған кезде өтінішке мынадай құжаттар: 

1) мыналарды: 

бейрезиденттің атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе); 

депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты; 

бейрезиденттің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірін немесе оның аналогын (ол болған кезде), бейрезиденттің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын орталық депозитарийден алынған шоттан үзінді көшірме;  

2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентінің акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінен дивидендтің мөлшерін және дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күнді көрсете отырып, белгілі бір кезең үшін дивидендтер төлеу туралы шешімі; 

3) келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюта шотынан үзінді көшірме; 

4) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша кірістерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) болып табылатын бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат қоса беріледі. 

5. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған болса, бейрезидент олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасын қоса беруге міндетті. 

6. Бейрезидент жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен кірістерден ұстап қалған табыс салығын қайтаруға өтінішті Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету аяқталған соң ұсынады. 

Бейрезидент ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша салық органына өтінішті жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір кезеңі аяқталуына қарай ұсынуға құқылы. 

Осы бөлімнің мақсатында ұзақ мерзімді келісімшарт оның жасалған күнінен бастап он екі айлық кезең ішінде аяқталмаған, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт (шарт) болып табылады. 

7. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезидент өтінішті салық органына осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін ұсынады. 

8. Салық органы мынадай: 

1) бейрезидент өтінішті осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін берген жағдайда өтінішті қараудан бас тартады. Бұл ретте бейрезидент өтінішті қайта беруге құқылы емес; 

2) резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 675-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген; 

3) бейрезидент осы баптың 3 және 4-тармақтарында айқындалған құжаттарды ұсынбаған; 

4) бейрезидент осы баптың 2-тармағының ережелерін сақтамаған жағдайларда; 

5) бұрын қаралған (тексерілген) кезең үшін, қорытындысы бойынша салық органы мынадай негіздердің бірі: 

осы Кодекстің 220-бабына сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі (қызметін жүзеге асыратын тұрақты орны) деп тану; 

осы Кодекстің 645-бабының 5-тармағына сәйкес өз қаражаты есебінен салық агентінің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттің кірістерінен табыс салығын ұстап қалуы және бюджетке аударуы бойынша бюджеттен табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарған өтініш қайта ұсынылған кезде өтінішті қараудан бас тартады. 

Бұл ретте салық органының өтінішті қараудан бас тарту туралы шешімі бейрезидентке оның қолын қойғыза отырып табыс етіледі немесе бас тарту себептері көрсетіле отырып, салық органы алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінішті және ұсынылған құжаттарды қоса бере отырып, алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. 

Салық органы осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өтінішті қараудан бас тартқан жағдайда, бейрезидент, егер ол жол берілген бұзушылықтарды жоятын болса, осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайта өтініш беруге құқылы. 

Ескерту. 672-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...670 671 672 673 674 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться