Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 675 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Салық кодексi
675-бап. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатқа қойылатын талаптар

1. Осы бөлімнің ережелерін қолдану мақсатында бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат кірісті алушы – бейрезиденттің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын, мынадай:  

1) бейрезидент резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырған түпнұсқада ұсынылған ресми құжат болып табылады. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құзыретті органның лауазымды адамының қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға тиіс; 

2) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін құжат түпнұсқасының нотариат куәландырған көшірмесі түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады. Шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастырылуға тиіс; 

3) шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған, бейрезиденттің резиденттігін растайтын электрондық құжаттың қағаз көшiрмесi түрінде ұсынылған ресми құжат болып табылады. 

2. Егер мынадай жағдайларда: 

бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған болса; 

осы баптың 1-тармағында көрсетілген (көрсетілетін) тұлғаның (тұлғалардың) қолтаңбасы мен мөрінің түпнұсқалығын куәландырудың өзге тәртібі: 

Қазақстан Республикасының халықаралық шартында; 

осы Кодекстің 221-бабына сәйкес жүргізілетін өзара келісу рәсімі шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы арасында;  

Еуразиялық экономикалық одақ органының шешімімен белгіленсе, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен заңдастыру талап етілмейді. 

3. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде бейрезидент Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады. 

Егер резиденттікті растайтын құжатта резиденттіктің уақыт кезеңі көрсетілмесе, бейрезидент осындай құжат берілген (шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналасқан) күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.

Статья 1 ...673 674 675 676 677 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 675-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ