Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 682 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
682-бап. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердiң кірістерін салықтық есепке алуда тану ерекшелiктерi

1. Осы баптың ережелерін "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер қолданады. 

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіріс дара кәсіпкер ұсынатын кез келген сауда және көтерме жеңілдіктердің сомасын ескере отырып, алынған немесе алынуға жататын құн бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын кірістің сомасы дара кәсіпкер мен сатып алушы немесе активті пайдаланушы арасында жасалған шарт негізінде де айқындалады. 

3. Тауарларды өткізуден түсетін кіріс төменде санамаланған барлық талаптар қанағаттандырылған кезде: 

1) дара кәсіпкер сатып алушыға тауарға меншік құқығымен байланысты елеулі тәуекелдер мен сыйақылар берсе; 

2) дара кәсіпкер әдетте меншік құқығымен ұштасатын дәрежеде бұдан әрі басқаруға қатыспаса және сатылған тауарларды бақыламаса; 

3) кіріс сомасы сенімді түрде өлшенетін болса; 

4) операциямен байланысты экономикалық пайданың дара кәсіпкерге түсу ықтималдығы болса; 

5) операциямен байланысты шеккен немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенетін болса, кіріс деп танылады. 

4. Жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжат негізінде танылады. Жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжатқа қол қойылған кезеңде танылады. 

5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске: 

1) кредитордың салық төлеуші міндеттемелерін есептен шығаруы; 

2) дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кредитор талап етпеген міндеттемелер; 

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару; 

4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады. 

Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін кіріс сомасы: 

1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсынған; 

2) қалған жағдайларда есептен шығарылған күні дара кәсіпкердiң бастапқы құжаттарына сәйкес төленуге жататын мiндеттемелер сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады. 

Міндеттемелерді есептен шығарудан түскен кіріс: 

1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кредитор міндеттемені есептен шығарған; 

2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған; 

3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда талап қою мерзімі өткен; 

4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда сот шешімі заңды күшіне енген есепті салықтық кезеңде танылады. 

6. Түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуы түріндегі кіріс түгендеу аяқталған және осындай артық шығу фактісін көрсете отырып, түгендеу актісі жасалған салықтық кезеңде танылады. Дара кәсіпкер артық шығу құнын Қазақстан Республикасында қолданылатын бағалар мен тарифтер негізінде дербес айқындайды. 

7. Айыппұлдар, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы және басқа да санкциялар түріндегі кіріс сот оларды өндіріп алу туралы шешім шығарған немесе оларды борышкер деп таныған салықтық кезеңде танылады. 

8. Дара кәсіпкердің тауарлары, жұмыстары немесе қызмет көрсетуі басқа тұлғаның тауарларына, жұмыстарына немесе көрсетілетін қызметтеріне айырбасталатын операцияларды дара кәсіпкер жүзеге асырған кезде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетуді қабылдап алу-тапсыру актісі жасалуға тиіс. Қабылдап алу-тапсыру актісінде берілген және алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуге тиіс. Мұндай операциядан түсетін кіріс қабылдап алу-тапсыру актісінде көрсетілуге жататын алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің құны мен тапсырылған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің өзіндік құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады. 

9. Салықтық кезең үшін алуға жататын (алынған) кіріс есепті салықтық кезеңдегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады 

10. Талап ету құқығын беруден түсетін кіріс: 

1) талап ету құқығын иеленетін дара кәсіпкер үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығы берілген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма. Талап ету құқығын беруден түсетін мұндай кіріс сатып алынған талапты борышкер өтеген салықтық кезеңнің кірісі болып табылады; 

2) талап ету құқығын берген дара кәсіпкер үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын беру күні борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма болып табылады. Талап ету құқығын беруден түсетін мұндай кіріс беру жүргізілген салықтық кезеңнің кірісі болып табылады. 

11. Дара кәсіпкер меншігіне өтеусіз алған мүлік құны, егер дара кәсіпкер мұндай мүлікті осы мүлік алынған салықтық кезеңде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланса, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі кіріс болып табылады. 

Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын қоспағанда, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі кіріс мұндай мүлік алынған салықтық кезеңде танылады. 

Кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған жылжымайтын мүлік (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі кіріс мұндай мүлікке меншік құқығын тіркеу жүргізілген салықтық кезеңде танылады. 

Мемлекеттік тіркеуге жататын, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған көлік құралы (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі кіріс мұндай көлік құралын мемлекеттік тіркеу жүргізілген салықтық кезеңде танылады. 

Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, осы мүлікке меншік құқығы туындаған күнгі осы мүліктің нарықтық құны дара кәсіпкер меншікке өтеусіз алған мүліктің құны болып табылады. 

12. Жалға алушының жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын өтеуі түріндегі кіріс мұндай өтем алынған салықтық кезеңде танылады. 

Жалға алу шарты бойынша төлем есебіне жатқызылатын, жалға алынған мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған жалға алушының шығыстары түріндегі жалға беруші дара кәсіпкердің кірісі осындай есепке жатқызу жүргізілген салықтық кезеңде танылады.
Статья 1 ...680 681 682 683 684 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться