Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 712 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

ҚР Салық кодексi
712-бап. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдарға салық салу

1. Жаңа өндірістерді құру және (немесе) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым: 

1) осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын инвестициялық басым жоба шеңберінде жаңа өндірістер ретінде енгізілген, кеңейтілген немесе жаңартылған тіркелген активтерді пайдалану арқылы қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістер бойынша 100 пайызға азайтады. 

Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымның қызметтің басым түрлеріне жатпайтын өзге түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістеріне жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы салынуға жатады. 

Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді. 

Егер жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарттың ережелерінде өнімді шығаратын тіркелген активтерді кезең-кезеңмен енгізу көзделсе, онда бөлек салықтық есепке алу салықтық есепке алу саясатына сәйкес өнімді шығаратын әрбір тіркелген актив бойынша жүргізіледі. 

Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым мұндай жоба бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін, осы Кодекстің басқа ережелерін қабылдауға құқылы емес; 

2) инвестициялық басым жоба шеңберінде пайдалануға берілген, тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 271-бабының 2-тармағында белгіленген амортизацияның нормаларын салықтық кезеңнің соңында осындай топтардың (кіші топтардың) құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды. 

2. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар бойынша осы баптың 1-тармағын қолданудың шекті мерзімі: 

1) жаңа өндірістерді құру бойынша: 

инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;  

инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірілмей аяқталады. 

2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша:  

инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт шеңберінде өнім шығаратын, соңғы тіркелген активті пайдалануға беру жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталады; 

инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт шеңберінде өнім шығаратын, соңғы тіркелген активтерді пайдалануға беру жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін үш жылдан кешіктірілмей аяқталады; 

3) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта көзделген өнімді шығаратын, тіркелген активтерді кезең-кезеңмен енгізу кезінде жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша: 

инвестициялық жоба шеңберінде өнім шығаратын, тіркелген активті пайдалануға беру жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталады; 

инвестициялық жоба шеңберінде өнім шығаратын, пайдалануға берілген тіркелген активті енгізу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін үш жылдан кешіктірілмей аяқталады. 

Шекті мерзім өнім шығаратын және жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта көзделген әрбір тіркелген активке қатысты қолданылады. 

3. Инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігін қолданудың шекті мерзімі: 

1) жаңа өндірістер құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1-күнінен басталады; 

2) жаңа өндірістер құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірілмей аяқталады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үй-жайлармен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға) беру, өзге де негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды. 

4. Жаңа өндірістер құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген объектілер бойынша мүлік салығын салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілетін және Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігін қолданудың шекті мерзімі: 

1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1-күнінен басталады; 

2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін сегіз жылдан кешіктірілмей аяқталады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды. 

5. Осы баптың ережелері, егер жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық жобада:  

осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды; 

жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентті; 

мүлік салығын есептеу кезінде салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлемені қолдану көзделсе, қолданылады. 

Ескерту. 712-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

80-1-тарау. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу


Ескерту. 80-1-тараумен толықтырылды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...710 711 712 712‑1 712‑2 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться