Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 736 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Салық кодексi
736-бап. Жалпы ережелер

1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді. 

2. Жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, өндірілетін минералды шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты суларының және емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы осы тарауда белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен төленеді. 

3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салықтық кезеңде өндірілген көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың жалпы көлемінен технологиялық сынап көру мен зерттеулер жүргізу үшін берілетін көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың көлемі алып тасталуға жатады. Технологиялық сынап көру мен зерттеулер үшін берілетін көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың көлемі көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың тиісті түрлері (сұрыптары) үшін ұлттық стандарттарда көрсетілген технологиялық сынамалардың ең төмен массасымен шектеледі. 

Бұл ретте технологиялық сынап көру мен зерттеулер жүргізу үшін берілген көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемін жоғарыда көрсетілген жалпы өндіру көлемінен алып тастау олар өткізілген жағдайда, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін, сондай-ақ олар қайта өңделген кезде жүргізілмейді. 

Ескерту. 736-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...734 735 736 737 738 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться