Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 74 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Салық кодексi
74-бап. Жалпы ережелер

1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру жолымен салық төлеушілердi есепке алуды жүргізеді.  

2. Салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқоры салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.  

3. Салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру:  

1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу; 

2) салық төлеушіні:  

дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде; 

қосылған құн салығы бойынша;  

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақшаның төртінші абзацы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2018 № 121-VI Заңымен.

электрондық салық төлеушi ретінде; 

жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне алу болып табылады. 

4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:  

1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізуді;  

2) салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;  

3) салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.  

5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.  

6. Салық органдарына:  

1) уәкілетті мемлекеттік органдар;  

2) осы Кодекстің 24-бабының 1) және 7) тармақшаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;  

3) салық төлеуші ұсынған немесе мәлімдеген салық төлеуші туралы мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.  

7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:  

1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны – жеке тұлғаның тұрғылықты жері; 

2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматты Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркеу орны – Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұратын, Қазақстан Республикасында тіркеу орны жоқ Қазақстан Республикасы азаматының тұрғылықты жері;  

3) салық органында дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген, дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам қызметін басымдықпен жүзеге асыратын орын – дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның орналасқан жері; 

4) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген, резидент-заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi – оның орналасқан жерi; 

5) салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген, қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын орын – филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның орналасқан жері; 

6) директорлар кеңесінің жиналысында айқындалған немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған, салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген нақты басқару органының Қазақстан Республикасында орналасқан жері – тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері; 

7) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон карточкасында көрсетілген, Қазақстан Республикасындағы уақытша болатын жері – шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері деп танылады. Егер халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам салық органына мәлімдеген, Қазақстан Республикасында басым уақыт орналасқан жер болатын жері деп танылады. 

Бұл ретте осы Кодекстің 658-бабына сәйкес салық төлеу бойынша салықтық міндеттеме туындайтын, Қазақстан Республикасына келмейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін осындай шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістер төлейтін тұлғаның тұрғылықты жері оның болатын жері деп танылады. 

1-параграф. Салық төлеушi ретiнде тiркеу

Статья 1 ...72 73 74 75 76 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 74-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ