Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 745 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
745-бап. Салықтық база

1. Салықтық кезеңде пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салықтық база болып табылады. 

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында минералды шикізат: 

1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикізат; 

2) құрамында бір мезгілде осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар және пайдалы қазбалардың басқа да түрлері бар минералды шикізат; 

3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбаларды қоспағанда, құрамында пайдалы қазбалар бар минералды шикізат болып бөлінеді. 

4) алып тасталды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) алып тасталды – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салықтық кезеңдегі пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемінің құны: 

1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өндірілген минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбалар бойынша – салықтық кезеңдегі осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негізінде айқындалады. 

Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға салықтық кезең үшін бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиісті салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтіндісі ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады. 

Осы баптың мақсаттары үшін бағаның белгіленімі пайдалы қазбаның шетел валютасындағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген және "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының "Metal Bulletin" журналында, "Metal-pagesLimited" баспасының "Metal-pages" журналында жарияланатын баға белгіленімін білдіреді. 

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, орташа биржалық баға мынадай формула бойынша айқындалады: 

 


мұнда: 

S - пайдалы қазбаға салықтық кезең үшін орташа биржалық баға; 

Р1, Р2..., Рn – салықтық кезең ішінде Лондон металдар биржасында бағалардың белгіленімі жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімі; 

Е – тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы; 

n – салықтық кезеңде бағалардың белгіленімі жарияланған күндердің саны. 

Пайдалы қазбаға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімі мынадай формула бойынша айқындалады: 

 


мұнда: 

Рn – бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімі; 

Сn1 – пайдалы қазбаға Cash бағасының күн сайынғы белгіленімі; 

Сn2 – пайдалы қазбаға Cash Settlement бағасының күн сайынғы белгіленімі. 

Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салықтық кезеңдегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады: 

 


мұнда: 

S – алтынға, платинаға, палладийге салықтық кезең үшін орташа биржалық баға; 

Р1, Р2,..., Рn – салықтық кезең ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың белгіленімі хабарланған және жарияланған күндері алтынға, платинаға, палладийға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімі; 

Е – тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы; 

n – бағалардың белгіленімі жарияланған салықтық кезеңдегі күндердің саны. 

Алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімі мынадай формула бойынша айқындалады: 

 


мұнда: 

Рn – бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімі; 

Сn1 – алтынға, платинаға, палладийге a.m. (таңғы фиксинг) бағалардың күн сайынғы белгіленімі; 

Сn2 – алтынға, платинаға, палладийге p.m. (кешкі фиксинг) бағалардың күн сайынғы белгіленімі. 

Күмiске орташа биржалық баға салықтық кезең үшін күмiске бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады: 

 


мұнда: 

S – күміске салықтық кезең үшін орташа биржалық баға; 

Р1, Р2,..., Рn – салықтық кезең ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың белгіленімі хабарланған және жарияланған күндері күміске бағалардың күн сайынғы белгіленімі; 

Е – тиiстi салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы; 

n – бағалардың белгіленімі жарияланған салықтық кезеңдегі күндердің саны. 

Пайдалы қазбаның орташа биржалық бағасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген, өндірілген минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбаның әрбір түрінің барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берілген көлемге қолданылады; 

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, өндірілген минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбалар бойынша: 

осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қатты қазбалар бойынша – осы тармақтың 1) тармақшасында айқындалған тәртіппен; 

өндірілген минералды шикізат құрамындағы өндірілген пайдалы қатты қазбалардың басқа түрлері бойынша – оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде, ал кейіннен қайта өңдеу және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берілген жағдайда – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне тура келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде; 

3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізат бойынша – минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткендерін өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады. 

4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері есепті салықтық кезеңде Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген бағалардың ресми белгіленімі бар пайдалы қатты қазба түрлеріне қатысты қолданылады. 

5. Минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден ғана өткендерін өткізу болмаған жағдайда пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемінің құны мұндай өткізу орын алған соңғы салықтық кезеңдегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады. 

Осы тармақтың ережелері осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізатқа қатысты қолданылмайды. 

6. Келісімшарттың қолданылуы басталғаннан бастап минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткендерін өткізу мүлдем болмаған жағдайда, пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемінің құны: 

1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қатты қазбалар бойынша – осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тәртіппен; 

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қатты қазбалардың басқа да түрлері бойынша – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қатты қазбалардың осындай түрлеріне тура келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде; 

3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілгенді қоспағанда, осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар бойынша – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне тура келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады. 

Осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден ғана өткендерін кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салықтық кезеңдегі өткізудің нақты орташа өлшемді бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларына түзету жүргізуге міндетті. 

4) өнімдік ерітінділерден алынған уран құны – бекітілген коэффициентке сәйкес фунттарды килограмға ауыстыру ескеріле отырып, салықтық кезеңнің әрбір айы үшін табиғи уран концентраты (U3O8) нысанындағы уран фунты үшін шетел валютасындағы айлық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні мен тиісті салықтық кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтіндісі ретінде төменде келтірілген формула бойынша айқындалатын табиғи уран концентраты (U3O8) нысанындағы уранның бір килограмы үшін орташа өлшемді баға негізінде айқындалады. 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін табиғи уран концентраты (U3O8) нысанындағы уран фунты үшін баға белгіленімі "Ux Consulting LLC" компаниясының (АҚШ) "Ux Weekly" және "TradeTech LLC" компаниясының (АҚШ) "Тhe Nuclear Market Review" дереккөздерінде жарияланатын ақпарат негізінде айдың соңғы күні шетел валютасында қолданылатын табиғи уран концентраты (U3O8) фунтына споттық бағаның айлық индикаторын білдіреді. Көрсетілген дереккөздердің бірінде табиғи уран концентраты (U3O8) нысанындағы уран бағасының белгіленімі туралы ақпарат болмаған жағдайда, осындай белгіленімі бар басқа көрсетілген дереккөздің бағасы қолданылады. 

Осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген дереккөздерде табиғи уран концентраты (U3O8) нысанындағы уран бағасының белгіленімі туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердің деректері бойынша баға қолданылады. 

Табиғи уран концентраты нысанындағы уранның бір килограмы үшін орташа өлшемді баға мынадай формула бойынша айқындалады: 

 


мұнда: 

S – салықтық кезең үшін табиғи уран концентраты нысанындағы уранның бір килограмы үшін орташа өлшемді баға; 

P1, P2, Р3 – салықтық кезең ішінде әрбір ай үшін дереккөздерден бағалардың орташа арифметикалық айлық белгіленімі; 

бағалардың орташа арифметикалық айлық белгіленімі мынадай формула бойынша айқындалады: 

 


мұнда: 

Рn – бағалардың орташа арифметикалық белгіленімі; 

Cn – "Ux Consulting LLC" компаниясының (АҚШ) "Ux Weekly" дереккөзінен есепті кезеңнің тиісті айының соңғы күніне табиғи уран концентраты (U3O8) нысанындағы уран фунты үшін бағаның айлық белгіленімінің мәні; 

Dn – "TradeTech LLC" компаниясының (АҚШ) "Тhe Nuclear Market Review" дереккөзінен есепті кезеңнің тиісті айының соңғы күніне табиғи уран концентраты (U3O8) нысанындағы уран фунты үшін бағаның айлық белгіленімінің мәні (Exchange Value); 

К – 2,59978 мөлшерінде белгіленген, фунттарды килограмға ауыстыру коэффициенті; 

Е – тиісті салықтық кезең үшін шетел валютасын айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы. 

Осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, минералды шикізатты, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбаларды кейіннен өткізген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салықтық кезеңдегі өткізудің орташа өлшемді нақты бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларына түзету жүргізуге міндетті. 

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді алғашқы өткізу болған салықтық кезеңнің алдындағы он екі айлық кезеңі үшін жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салықтық кезеңнің салықтық міндеттемесі болып табылады. 

7. Осы баптың мақсатында салықтық кезеңде өткізудің орташа өлшемді бағасы мына формула бойынша айқындалады: 

Б ор. = (V1 ө.п. х Б1ө. + V2 ө.п. х Б2 ө.… + Vn ө.п. х Бn ө.)/V жалпы өткізу, 

мұнда: 

V1 ө.п., V2 ө.п.,. Vn ө.п. – салықтық кезеңде өткізілетін минералды шикізаттың және (немесе) пайдалы қатты қазбаның әрбір партиясының көлемдері; 

Б1 ө., Б2 ө..., Бn ө. – салықтық кезеңде әрбір партия бойынша минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны өткізудің нақты бағалары; 

n – салықтық кезеңде өткізілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазба партияларының саны; 

V жалпы өткізу – салықтық кезеңде минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны өткізудің жалпы көлемі. 

Бұл ретте, егер минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны өткізудің орташа өлшемді бағасы олардың 20 пайызға ұлғайтылған, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өндірістік өзіндік құнынан төмен болса, онда салықтық кезеңде өткізудің орташа өлшемді бағасы 20 пайызға ұлғайтылған осындай өндірістік өзіндік құн негізінде айқындалады. 

Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын пайдалы қазбалардың барлық салық салынатын көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған көлемдерге қолданады. 

8. Егер пайдалы қазбаны өткізу бағасы шетел валютасында белгіленсе, онда 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған өткізу жөніндегі операциялар бойынша мұндай баға осы баптың 7-тармағының мақсатында өткізілетін, оның ішінде шартқа (келісімшартқа) сәйкес тек бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатқа меншік құқығы ауысқан күнге айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі. 

Ескерту. 745-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...743 744 745 746 747 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться