Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 75 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Салық кодексi
75-бап. Жеке, заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізу

1. Егер осы Кодекстің 76-бабының 12-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жеке, заңды тұлғаларға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады.  

2. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына:  

1) жеке тұлға, оның ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам туралы мәліметтерді – тұрғылықты немесе болатын жері бойынша;  

2) резидент-заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға туралы мәліметтерді – орналасқан жері бойынша;  

3) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға мәліметтерді – тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;  

4) осы Кодекстiң 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алатын (өткізетін) бейрезидент туралы мәліметтерді – осы Кодекстiң 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша енгізуді жүзеге асырады. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент қызметін Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, қолданылмайды. 

Егер осындай бейрезидент бағалы қағаздарды, активтер құнының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкі құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлесін сатып алған (өткізген) жағдайда, онда салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына бейрезидент туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жеріндегі салық органы жүзеге асырады;  

5) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында, 654-бабының 7) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент туралы мәліметтерді – бағалы қағаздары немесе қатысу үлестері сатып алынатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша; 

6) осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін) бейрезидент туралы мәліметтерді – мүліктің орналасқан жері бойынша енгізуді жүзеге асырады. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, қолданылмайды; 

7) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгі туралы мәліметтерді – дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктің орналасқан жері бойынша;  

8) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент туралы мәліметтерді – тәуелді агенттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша; 

9) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері арқылы жүзеге асыратын бейрезидент туралы мәліметтерді – сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің орналасқан жері бойынша; 

10) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жүзеге асыратын бейрезидент туралы мәліметтерді – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы-резиденттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша; 

11) резидент-екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезиденттер туралы мәліметтерді – осындай резидент-банктің орналасқан жері бойынша енгізуді жүзеге асырады.  

3. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді енгізуді оның орналасқан жеріндегі салық органы уәкілетті органнан бейрезиденттің осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алғаны туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Статья 1 ...73 74 75 76 77 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 75-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ