Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 76 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

ҚР Салық кодексi
76-бап. Бейрезидентті салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшеліктері

1. Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға осы Кодекстің 220-бабының ережелерін ескере отырып, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеменің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:  

1) құрылтай құжаттарының;  

2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;  

3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын; 

4) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті. 

2. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жеріндегі салық органына мынадай: 

1) құрылтай құжаттарының; 

2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын; 

3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің ол болған кезде инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың; 

4) директорлар кеңесі жиналысының немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасының; 

5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті. 

3. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға орналасқан жері бойынша есепке қою туралы салықтық өтінішті ұсынған және оның Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашпай, тұрақты мекемесі бар болған жағдайда, мұндай тұрақты мекеме осы Кодекстің 63-бабында айқындалған тәртіппен осы заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен міндеттерін беруге міндетті.  

Заңды тұлға тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) Қазақстан Республикасына көшіру туралы шешім қабылдаған және оның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме ретінде тіркелген филиалы (өкілдігі) бар болған жағдайда, мұндай филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректері осы Кодекстің 77-бабында айқындалған тәртіппен өзгертілуге жатады. 

4. Осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлға мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай: 

1) бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының; 

2) бейрезидент-заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;  

3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті. 

5. Қызметі осы Кодекстің 220-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент, осындай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:  

1) бейрезиденттің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға өкілеттіктер беруге немесе өзге мақсаттарға арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың) бар болған жағдайда; 

2) өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының; 

3) бейрезидент-заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезиденттiң инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;  

4) бейрезидентте болған кезінде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың; 

5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті. 

6. Қызметі тұрақты мекеме құруға алып келетін резидентпен жасасылған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы – бейрезидент-заңды тұлға салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы – резиденттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жеріндегі салық органына мынадай: 

1) бірлескен қызмет туралы шарттың; 

2) бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының; 

3) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың; 

4) ол болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың; 

5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті. 

7. Резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлға шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай бейрезидент банктің орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынады.  

8. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12. Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезидент-заңды тұлғаның сатып алуы туралы мәліметтері немесе осы баптың 4-тармағында белгiленген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса бере отырып, осындай бейрезидент ұсынған тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. 

13. Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында аталған бейрезидент-заңды тұлға салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген эмитент-заңды тұлғаның немесе резидент-заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 4-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті. 

14. Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мұндай өкілдік немесе мекеме өзінің орналасқан жеріндегі салық органына Қазақстан Республикасында аккредиттелгенін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынады.  

15. Осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін қалыптастыру мақсатында салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға электрондық хабарлама жібереді. 

16. Тіркеуші орган салық органдарының электрондық хабарламасы алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салық органдарына осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген бейрезиденттерге сәйкестендіру нөмірінің берілгені туралы электрондық хабарлама жібереді. 

17. Осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13 және 14-тармақтарында аталған бейрезиденттерді салық төлеушілер ретінде тіркеуді салық органы осы Кодекстің 75-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін бере отырып жүзеге асырады.  

18. Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алған бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу куәлігі осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жеріндегі салық органында бейрезидент-заңды тұлға оны талап еткенге дейін сақталады.  

19. Осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген, сәйкестендіру нөмірлері бар бейрезиденттерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш алынған жағдайда, салық органының сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін қалыптастыру мақсатында тіркеуші органға электрондық хабарлама жіберуі жүргізілмейді. Бұл ретте осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды тіркеу есебіне қою олардың тәуелді агенттерінің тұрған жері бойынша жүзеге асырылады. 

Ескерту. 76-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...75 75‑1 76 77 78 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться