Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 766 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Салық кодексi
766-бап. Жалпы ережелер

1. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес: 

1) толығымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) көмірсутектерді өндіруге және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты; 

2) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындары жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген, көмірсутектер кенжатындары төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша көмірсутектерді өндіруге және (немесе) барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлғалар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының, үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты қолдануға құқылы. 

Аталған құқық жер қойнауын пайдалануға арналған осы келісімшарттар жасалған күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарттың қолданылуы аяқталған күнге дейінгі кезеңде қолданылады және өзгертілуге жатпайды. 

Салық төлеуші осы құқықты қолдану туралы хабарламаны жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тұрған жеріндегі салық органына жібереді. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдер мен салықтар жөніндегі салықтық міндеттемесін орындаудың баламалы тәртібін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қалған барлық қолданылу кезеңіне жүргізіледі және өзгертуге жатпайды, бұл туралы салық төлеуші тұрған жеріндегі салық органына 2018 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей хабарлама жібереді. 

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген хабарламалар белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және үстеме пайда салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау осы Кодекстің 84, 85 және 86-тарауларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. 

4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлғалар тиісті келісімшарт тіркелген күннен бастап оған орай тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының, үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты қолданады. Аталған жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламаны жібермейді. 

Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес жаңа редакцияда жазылған көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт та күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт деп танылады. Мұндай жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері бұрын жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру тіркелген күннен бастап қолданылады. 

Ескерту. 766-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...764 765 766 767 768 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться