Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 776 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019

ҚР Салық кодексi
776-бап. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бірыңғай жиынтық төлем шеңберіндегі құзыреті

1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:  

1) жеке сәйкестендіру нөмірі базасында бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жүргізеді; 

2) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жаңартып отырады; 

3) бірыңғай жиынтық төлемнің сомасын бөледі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке аударады; 

4) бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады. 

2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын орталық мемлекеттік органдар қатарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді. 

Қазақстан Республикасының

Президенті
Н. Назарбаев
Статья 1 ...774 775 776

Перейти к статье






Добавить комментарий к 776-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ