Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
84-бап. Жылдық жиынтық табыс



Ст. 84 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстің 198-бабында көрсетілген табыстардан тұрады.

Резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынатын табыстары осы бөлімде және осы Кодекстің 27-тарауында белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.

2. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:

1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;

3) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

4) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;

4-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы;

5) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;

6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру;

7) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс;

РҚАО-ның ескертпесі!

8) тармақша 01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі.

8) инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде пайлық инвестициялық қор активтерін сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компаниялар үшін – Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық инвестициялық қорлар алған және мұндай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың кастодианы солай деп таныған инвестициялық табыстар;

9) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарды алыс-беріс шикізатынан өндірген тұлға үшін – алыс-беріс шикізатынан өңделген өнім болып табылатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін осындай тұлғаның орындау есебінен алуға жататын (алынған) өтем сомасы;

10) мемлекеттік мекемеден мемлекеттік кәсіпорын:

шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілген негізгі құралдар;

шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілетін негізгі құралдарды сатып алуға арналған ақша түрінде алған мүліктің құны.

11) мемлекет атынан алушы үшін – жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны және (немесе) ақшалай мәні;

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақты 12) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 84-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.09 N 535-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз) Заңдарымен.


Статья 1 ...82 83 84 85 86 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 84-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы