Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 17-1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
17-1-бап. Банк холдингі және банктің ірі қатысушысы

1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан, дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иелене, пайдалана және (немесе) оған билік ете алмайды, сондай-ақ банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде банк қабылдайтын шешімді бақылау немесе оған ықпал ету мүмкіндігіне ие бола алмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын зейнетақы активтерінің есебінен иеленген жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушы банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын зейнетақы активтерінің есебінен иеленген, пайдаланған және (немесе) оған билік еткен жағдайда инвестициялық портфельді басқарушыға, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды. 

Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары өздерінде не өздерінің бас ұйымында рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.  

Банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар банктің дауыс беретін он немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігіне ие банктің ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.  

Банктің ірі қатысушылары – жеке тұлғалар банктің акцияларын өзіне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (банктің бұрын иеленген акцияларының құны шегеріле отырып) банктің бұрын иеленген және иеленетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс. 

1-1. Өзі орналасқан елдің шоғырландырылған қадағалауына жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингі бола алады. 

2. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға келісім беру, оны кері қайтарып алу ережелерін, осы келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды. 

2-1. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі талаптар өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және көрсетілген банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы банктің акцияларын жанама иеленуші (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаға қолданылмайды. 

Егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі талаптар банктің басқа банк акцияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды. 

2-2. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді. 

3. Банктің ірі қатысушысы болуға ниет білдірген тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4, 4-1, 5, 6, 7 және 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, банк акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражат сипаттамасын қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтер қамтылатын банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті. 

4. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды: 

1) акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібін, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражатты растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. 

Мыналар: 

кәсіпкерлік, еңбек қызметінен немесе басқа да ақысы төленетін қызметтен алынған кірістер; 

өтініш берушінің құжатпен расталған жинақталған ақша қаражаты банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады. 

Сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған, банктің сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегі ақша банктің акцияларын сатып алу үшін осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген көздерге қосымша пайдаланылуы мүмкін. 

Өтініш беруші сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен банктің акцияларын сатып алған кезде сыйға тартушы және көрсетілген мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады; 

2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсынады. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылса, Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері қосымша ұсынылады; 

3-1) банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандыру жоспарын; 

3-2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3-3) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, ал Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы сондай-ақ банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уәкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған, нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесін ұсынады. 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі. 

Көрсетілген мәліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін жеткілікті растайтын құжаттар қоса беріледі; 

4) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы мәліметтерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс); 

5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент-банкінің акцияларды сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті елдің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін; 

6) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, келісім бергені үшін алым төленгенін растайтын құжатты ұсынады. 

4-1. Егер жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты немесе сенімгерлік басқару шарты негізінде банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, осы баптың 16-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті оның беруі кезінде, мыналар: 

1) банк акцияларын сыйға тарту немесе банк акцияларын сенімгерлік басқару шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелері; 

2) осы баптың 4-тармағының 3), 3-1), 3-3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар; 

3) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының немесе сенімгерлік басқару шартының нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтер қосымша ұсынылады. 

Банктің ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сыйға тарту шарты нәтижесінде банктің акцияларын иеленген жеке немесе заңды тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш берген күнге мынадай талаптарды қосымша орындайды: 

1) жеке тұлғаға меншік құқығымен тиесілі мүліктің құны (банк бұрын иеленген акциялардың құны шегеріле отырып) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың және ол бұрын иеленген банк акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс; 

2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақысы төленетін қызметтен алынған кірістері, сондай-ақ оның құжаттамалық расталған ақшалай жинақтары бағалаушы айқындаған, сыйға тартылған банк акциялары құнының кемінде жетпіс бес пайызын құрайды. 

5. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мынадай құжаттарды: 

1) өтініш берушінің тиісті органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында шешім болмаған немесе уәкілетті органның оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда) ұсынады. 

Егер өтініш беруші осы Заңның 61-4 және 61-11-баптарында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің ірі қатысушысы мәртебесін алушы банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылған жағдайда өтініш берушінің басқару органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады; 

1-1) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) тікелей немесе жанама иелік ететін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындау немесе оларды бақылау мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды; 

1-2) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тізім болмаған немесе уәкілетті органның оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда); 

2) осы баптың 4-тармағының 1), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды; 

2-1) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін; 

4) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар – өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс); 

5) аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанға қаржылық есептілікті ұсынады. 

Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырылған немесе уәкілетті органның оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды; 

6) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін мына құжаттарды: 

1) осы баптың 4-тармағының 1), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 1-1), 1-2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды; 

2) осы баптың 1-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның не оның бас ұйымының кредит рейтингі туралы мәліметтерді; 

3) өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, сондай-ақ өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады. 

Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш берушінің сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігін білдіретін жазбаша растауын, не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай шешім осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы өтінішін ұсынады. 

6-1. Осы баптың 6-тармағы 3) тармақшасының өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін беруі бөлігіндегі талаптары мынадай шарттардың біреуі орындалған кезде: 

1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасында тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А-дан төмен емес кредиттік рейтингі болса; 

2) өтініш беруші тұрған елдің қадағалау органының интернет-ресурсында өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар (қатысу үлесі, жарғылық қызмет түрлері) және өтініш берушінің ірі қатысушылары жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ өтініш берушінің қаржылық жағдайы туралы ақпарат болса, Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасына қолданылмайды. 

7. Банк холдингі мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымы мынадай құжаттарды: 

1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды; 

1-1) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын; 

1-2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін; 

2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші қаржылық қызметін осы ел заңнамасының шеңберінде жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді. 

7-1. Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына иелік ету үлесі бар банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша таяу бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді. 

8. Жиынтығында банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он және одан астам пайызын иеленетін немесе банк акцияларының он немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және: 

1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін; 

2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын; 

3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын; 

4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген; 

5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын тұлғалар; 

6) олардың бірі екінші тұлғаға оның сыйға берген ақшасы немесе өтеусіз алған мүлкі есебінен банктің акцияларын сатып алуға мүмкіндік жасаған тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады. 

9. Уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:  

осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшалары талаптарының (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты) сақталмауы;  

өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы;  

уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін жоймау; 

өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуы нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;  

банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) сатып алушы тарап болып табылатын жағдайлар; 

өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы; 

өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;  

өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;  

өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасында не оның бас ұйымында, осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;  

банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;  

өтініш берушіде - жеке тұлғада, өтініш берушінің басшы қызметкерінде - заңды тұлғада мінсіз іскерлік беделдің болмауы;  

бұрын уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы абзацтың мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі; 

өтініш беруші заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі; 

ірі қатысушы-заңды тұлғалар және қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк холдингтері бойынша – уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы; 

өтініш беруші – қаржы ұйымы өзі тұрған елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар; 

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдердің заңнамалары олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы; 

банк ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздердің болуы негіз болып табылады. 

Егер банк холдингі мәртебесін алғысы келетін тұлға еншілес қаржы ұйымын құратын немесе сатып алатын не қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды сатып алатын жағдайда, уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарау кезінде осы Заңның 11-1-бабының 6-тармағында көзделген бас тарту негіздерін ескереді. Еншілес ұйым құруға (сатып алуға), ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартуға негіздері болған кезде, уәкілетті орган банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартады. 

10. Мына жағдайлардың бірінің болуы:  

өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;  

өтініш беруші міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған банк акцияларын сатып алуға көзделген активтерінің сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;  

аяқталған әрбір соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;  

өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жай-күйін айтарлықтай тәуекелге ұрындыратындай болса;  

өтініш берушінің банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегі болса;  

өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжаса;  

өтініш беруші мүлкінің құны (өтініш берушінің міндеттемелерін шегере отырып) банктің акцияларын сатып алу үшін жеткіліксіз болса; 

өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының бар екенін және (немесе) банкке және (немесе) оның депозиторларына нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады. 

11. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде алты айдан аспайтын мерзімде банктің акцияларын өткізу жөніндегі талаптар тұрғысынан осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. 

12. Банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруі банктің ірі қатысушысы үшін айқындалған шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.  

Банк холдингі болуға ниет білдірген тұлға тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. 

12-1. Мынадай: 

1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну; 

2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу; 

3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру; 

4) өз есебінен банкке аудиторлық ұйымның аудит өткізуі мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін және банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиынтығы он және одан да көп пайызы өздеріне тиесілі акционерлер банктің ірі қатысушылары, банк холдингтері болып табылмайды. 

13. Банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес және одан астам пайызын иеленетін немесе банк акцияларының жиырма бес және одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және: 

1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін; 

2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын; 

3) олардың бірі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын; 

4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады. 

14. Осы баптың талаптарына сәйкес банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде қабылдауға тиіс. 

Банк ашуға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін беру туралы өтінішті уәкілетті орган банк ашуға рұқсат беруге арналған өтiнiшті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды. 

Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін беру туралы өтінішті уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруге өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды. 

Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижелері туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісім беруден бас тартылған жағдайда жазбаша хабарламада бас тарту негіздері көрсетіледі. 

Уәкілетті орган тұлғаның банк холдингі мәртебесін иеленуіне келісім берген кезде, бір мезгілде банк капиталына қомақты қатысуына не еншілес банк құруына (иеленуіне) рұқсат береді. 

15. Келісім беруге негіз болған мәліметтер анық емес деп анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иелену салдарынан Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзған немесе ірі қатысушылар немесе банк холдингі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда, өзіне осындай шара қолданылатын тұлға алты ай ішінде өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті. 

Осы бапқа сәйкес берілген келісім қайтарып алынған тұлға банктің акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес. 

Уәкілетті орган тиісті келісімді қайтарып алу туралы өздеріне қатысты шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, осы тұлғалардың уәкілетті органның талаптарын орындауы үшін уәкілетті орган сотқа жүгінуге құқылы. 

16. Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген болса, ол банктің басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекеттер жасауға және (немесе) осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алғанға дейін осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес. 

Көрсетілген жағдайда банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлға оның банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні өзіне белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. 

Егер осы тұлға акцияларды көрсетілген мерзімде иеліктен шығарғысы келмесе ғана оның банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні оған белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға тиісті мәртебені иелену туралы өтініш табыс етіледі. Акцияларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдау туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға ұсынылады. 

Уәкілетті орган банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, көрсетілген тұлға жазбаша хабарлама алған кезден бастап алты айдың ішінде өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті. 

17. Егер уәкілетті органға тұлғаның банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетінін немесе банктің акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заң талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, банктің осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беруге мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін. 

18. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі банктің өзіне тиесілі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей не жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар акциялары санының орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасын өзгерту туралы, мұндай өзгеріс банктің немесе банк холдингінің меншікті акцияларды өзге акционерлерден сатып алуы салдарларынан болған жағдайларды қоспағанда, шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.  

Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі банк акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнінде) банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына қатысты ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс. Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында айқындалған. 

Банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша банк акцияларының саны банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес пайыздан кем болатын санға дейін өзгерген жағдайда не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді дербес анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімінің күші уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап жойылды деп саналады. 

Жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысы өзіне тиесілі акциялар санын банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк иеленген акциялар шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайтқан жағдайда, құжаттарға қосымша ретінде және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді. 

19. Банк және банк холдингі өздерінің барлық ірі қатысушыларының немесе банк холдингтерінің (банк үшін) оларға тиесілі орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) немесе банктің немесе банк холдингінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің санын, сондай-ақ олардың пайыздық арақатынасын көрсете отырып, тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етіп отыруға міндетті. 

20. Банктер өзінің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының он және одан астам пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. 

21. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 17-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 № 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.03.2014 № 179-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.11.2019 № 272-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16‑3 17 17‑1 17‑2 18 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться