Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiш

1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы. 

2. Өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуге тиiс. 

3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша берілген банк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:  

1) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі; 

2) банктің жарғылық капиталындағы үлесі он пайыздан аз болатын құрылтайшылар – жеке және заңды тұлғалар (уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша) туралы мәліметтер, оның ішінде құрылтайшы-заңды тұлғаның аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екі қаржы жылына қаржылық есептілігі (бар болса, шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда) қоса берілуге тиiс. 

Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қаржылық есептілік болған немесе уәкілетті органның оны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды; 

3) осы Заңның 11-1-бабында көзделген тәртіппен құжаттар мен мәліметтер; 

4) осы Заңның 17-1-бабында көзделген өтініш пен бизнес-жоспарды қоспағанда, өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуі қажет болған жағдайда, осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіппен құжаттар мен мәліметтер; 

5) акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібін, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражатты растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиiс. Осы Заңның 17-1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаражат банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады; 

6) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары қоса берілуге тиiс. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды ашылатын банктің толық құрылымын ашып көрсетуді, қызмет стратегиясын, қызмет бағыттары мен ауқымдарын, қаржылық перспективаларын (бюджетін, есеп-қисап балансын, алғашқы үш қаржы жылындағы (операциялық жылдағы) пайда мен шығындар есебін, маркетинг жоспарын (банк клиентурасын қалыптастыруды), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды қоса алғанда, уәкілетті орган белгілейді; 

7) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты, жарғы) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері қоса берілуге тиiс. 

10) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Аудиторлық ұйымның есебi:  

ол акционерлер мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;  

ол аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қаржы ұйымдарының міндетті аудитін жүргізу жөніндегі лицензиясына және біліктілік талаптарына сәйкес не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екенін растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда ғана жарамды деп танылады. 

5. Уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы. 

6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн. 

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 1997.07.11 № 154 Заңымен, 2001.03.02 № 162 Заңымен, 2003.07.10 № 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2005.07.08 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 № 139 , 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 № 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...17‑2 18 19 20 21 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться