Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 36-1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
36-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге беру немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі

1. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның коллекторлық агенттікпен осындай шарт жасасу жағдайларын қоспағанда, оның үшінші тұлғалармен нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөнінде қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі – берешекті өндіріп алу туралы шарт) жасасуына тыйым салынады.

2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтарды (талаптарды) мынадай тұлғаларға:

коллекторлық агенттікке;

банкке;

банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға;

бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымына;

екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға;

секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына;

акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын тұлғаға;

қаражатты банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шартты түрде орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәміле шеңберінде жасалған банктік қарыз шарты бойынша – жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорына;

жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты банктік қарыз шарты бойынша немесе заңды тұлғаның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері, оның ішінде банктік қарыз шарты бойынша құқыққа (талапқа) ие болған немесе ол туындаған (жасалған) кезде анықталған банктік қарыз шарты бойынша құқыққа (талапқа) қатысты өзге тұлғаға беруін қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға банктік қарыз шарты бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) мынадай жағдайлардың бірінде:

құқықтар (талаптар) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты банктік қарыз шарты бойынша алынғанда;

құқықтар (талаптар) берешегінің мөлшері басқаға беру күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 16 500 еселенген мөлшерінен аспайтын заңды тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша алынғанда;

егер өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына береді.

Банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

1) коллекторлық агенттік жарғылық капиталының, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы бас ұйымның меншікті капиталының мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең аз мәннен төмен емес мәнді құрағанда;

2) қызметті:

банкке немесе банк холдингіне банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын еншілес ұйым құруына рұқсат берілген;

коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген кезден бастап үш жыл бойы жүзеге асырғанда;

3) сервистік компаниялар тізіліміне енгізу күніне уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары немесе шектеулі әсер ету шаралары және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-1-бабында және 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар болмағанда;

4) сервистік компанияның бірінші басшысында алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы болмағанда;

5) сервистік компания уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келгенде, сервистік компанияға берілуі мүмкін.

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

Сервистік компанияны сервистік компаниялар тізілімінен шығару құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын бұзу үшін негіз болып табылады.

Банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талапқа) қатысты кредитордың құқықтарын сервистік компаниямен жасалған құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде не оны осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беру арқылы іске асырады.

Сервистік компаниямен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты бұзылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға басқа сервистік компаниямен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын жасасуға не құқықтарды (талаптарды) осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беруге міндетті.

Осы тармақтың талаптары:

1) соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында банктің құқықты (талапты) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруі;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты құқықтардың (талаптардың) суброгация тәртібімен Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне өтуі жағдайларына қолданылмайды.

5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе банктік қарыз шартында өзгеше көзделмесе, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.

5-1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мүлік кепілімен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талапты) осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға құқық (талап) берілгенге дейін соңғы алты ай ішінде "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген мүлік құнын бағалаусыз беруге құқылы емес.

6. Бір қарыз алушыға қатысты банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды), бұл құқықтар (талаптар) секъюритилендіру мәмілесінің нысанасы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.

7. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шарты (бұдан әрі – басқаға беру шарты) жасалған кезде, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:

1) басқаға беру шарты жасалғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен, банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға берумен байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні туралы хабардар етуге;

2) қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен, үшінші тұлғаға банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) өтіп кеткені туралы, басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, банктік қарыз шарты бойынша одан әрі төлемдерді үшінші тұлғаға (өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның не банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда – сервистік компанияның атауын, орналасқан жерін және банктік деректемелерін) жүзеге асыру қажеттілігін, банктік қарыз шарты бойынша берілген құқықтардың (талаптардың) көлемін, банктік қарыз шарты бойынша берешектің мөлшері мен құрылымын (негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және төленуге жататын басқа да сомаларды көрсете отырып, хабардар етуге;

3) өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не сервистік компанияға (банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда) мынадай құжаттарды:

банктік қарыз шартын;

кепіл шартын және кепіл затына құқық белгілейтін құжаттарды (банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);

кепілгерлік немесе кепілдік шартын (банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда);

құқықтарды (талаптарды) басқаға беру күніне қарыз алушы берешегінің есеп-қисабын;

қарыз алушымен наразылық хат алмасуды (бар болса);

қарыз алушы – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты;

қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттарды;

кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттарды (бар болса);

басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттарды беруге міндетті.

Барлық құқықтар (талаптар) қарыз алушыға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) берілген тұлғаға өздерінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын береді, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары сервистік компанияға беріледі.

Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым), өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға, сервистік компания банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі қарыз алушыға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай құқықтарды (талаптарды) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері сервистік компанияға беріледі;

4) басқаға беру шарты жасалғаннан кейін банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебіне алынған ақшаны өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның банктік шотына әрбір қарыз алушы бойынша төлемдердің таратып жазылуын бере отырып, аударуға міндетті.

8. Өзіне банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқығы (талабы) берілген тұлғаның осындай құқықты (талапты) осы бапта көзделген шарттарды сақтамай, қайта беруіне тыйым салынады.

Ескерту. 2-тарау 36-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...35 36 36‑1 37 38 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться