Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 44 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
44-бап. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру

Ескерту. 44-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргiзедi. 

Уәкiлеттi орган банктердің және (немесе) банк конгломераттарына қатысушылардың (банк холдингтерін қоспағанда) қызметіне тексеру жүргізген кезде банктердің үлестес тұлғаларының қызметін тек қана олардың банктердің қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында тексеруге құқылы. 

2. Банктер, банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, банк конгломератына қатысушылар, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша тексерушi органға жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiне қол жеткізуін қамтамасыз етуге мiндеттi. 

3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуіне не үшiншi тұлғаларға беруіне тыйым салынады. 

4. Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған және банктік не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылықта болады. 

5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мына талаптардың бірі орындалған: 

тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы – заңды тұлға, банк холдингі, банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған; 

уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банктің ірі қатысушысы – заңды тұлға, банк холдингі, банктің ірі қатысушысының немесе, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді. 

6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметіне тексеру жүргізген кезде уәкілетті орган осы Заңның 13-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметі туралы ақпаратты алуға құқылы. 

Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...42 43 44 45 45‑1 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться