Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 45-1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
45-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары

1. Банк депозиторларының, кредиторларының, клиенттерінің және корреспонденттерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау, банктің және (немесе) банк конгломератының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және банк қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банк холдингіне, олардың басшы қызметкерлеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің iрі қатысушыларына, банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолданады. 

2. Қадағалап ден қою шараларын қолдануға мыналар негіз болып табылады: 

1) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу; 

2) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың қызметінде уәкілетті орган бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың депозиторларының және (немесе) кредиторларының және (немесе) клиенттерінің мүдделеріне және (немесе) банк жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер; 

3) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банк холдингінің басшы қызметкерлерінің олардың тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың депозиторларының, кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің мүдделеріне қатер төндіруі мүмкін құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтау; 

4) басшы қызметкердің (басшы қызметкерлердің) әрекеттерін (әрекетсіздігі) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді және (немесе) банкке және (немесе) оның депозиторларына, кредиторларына және клиенттеріне залал келтіргені туралы куәландырады деп тану үшін жеткілікті деректер; 

5) банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаның, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының (оның ішінде, ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғалардың нәтижесінде банкке залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттер жасауы; 

6) банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларының (оның ішінде, банктің ірі қатысушысы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың қаржылық жағдайының орнықсыздығы; 

7) осы Заңға сәйкес бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларын орындамау; 

8) уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті немесе мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сұрататын өзге ақпаратты ұсынбау не оларды анық емес ұсыну; 

9) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банк холдингінің, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушыларының тексеру жүргізуге оны белгіленген мерзімдерінде жүргізу мүмкіндігін бермей кедергі келтіруі; 

10) банктің, банк холдингінің, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушы болып табылатын ұйымның аудиторлық есепте көрсетілген, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген мерзімдерде жоймауы. 

3. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде мыналар ескеріледі: 

1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты; 

2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы; 

3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы; 

4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға ықпалы; 

5) таңдап алынған қадағалап ден қою шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті; 

6) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларының болуы және тиімділігі (нәтижелілігі); 

7) қолданылатын қадағалап ден қою шарасының оны қолдану негіздеріне барабарлығы; 

8) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және (немесе) тәуекелдердің туындауына негіз болған себептер; 

9) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банк холдингінің, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушысының қызметте анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауы, осыған байланысты қабылданған шараларды іске асыру жөнінде нақты шараларды жүзеге асырудың (жүзеге асырмаудың) тиімділігі және (немесе) осындай шараларды қабылдауға әзірлік. 

4. Уәкілетті орган мынадай қадағалап ден қою шараларын қолданады: 

1) осы Заңның 45-2-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары; 

2) осы Заңның 46-бабына сәйкес қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар; 

3) осы Заңның 47-1-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары. 

4-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға осы баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған қадағалап ден қою шараларын қолданады. 

5. Уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, оларға осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы. 

6. Қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

7. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға қадағалап ден қою шараларын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган атқарушы органның бірінші басшысын немесе осы тұлғаның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамды шеттетуге құқылы. 

Атқарушы органның бірінші басшысын немесе осы тұлғаның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамды шеттету туралы ақпаратты уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның атына жібереді. 

Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға атқарушы органның бірінші басшысын немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамды шеттету туралы уәкілетті органның шешімін алған кезден бастап алқалы органның шеттетілген адам қатысқан барлық шешімдерін жарамсыз деп есептейді. 

Ескерту. Заңды 45-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...44 45 45‑1 45‑2 46 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться