Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 48 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшiн негiздер

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не олардан айыру мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi: 

1) банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметi процесінде осы Заңның 20-бабының, 26-бабы 2 және 7-тармақтарының талаптарын сақтамау; 

2) банкте өзге банк холдингі немесе банк акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін ірі қатысушы-жеке тұлға болмағанда, банк холдингі, банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін банктің ірі қатысушысы-жеке тұлға мәртебесін кері қайтарып алу; 

3) депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар банкте (орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар бас банктің не банк холдингінің не ірі қатысушының-жеке тұлғаның болмауы; 

4) банк операцияларын қолданыстағы заңнама нормаларын үнемі (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру; 

5) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашып көрсету жөнiндегi мiндеттi сақтамау; 

6) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңiлдiкті жағдайлар жасауға осы Заңның 40-бабында белгiленген тыйым салуды бұзу; 

7) уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу не уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шараларын үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау; 

8) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмеуі; 

9) осы Заңның 8-бабының шарттарына сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтi жүзеге асыру; 

10) банктің осы Заңда, банк жарғысында және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияда белгiленген өзiнiң құқық қабiлетi шегiнен шығатын операцияларды жүзеге асыруы; 

11) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның қызметтi өздерiне берiлген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес ол берiлген күннен бастап қатарынан күнтiзбелiк он екi ай бойы жүзеге асырмауы; 

12) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның қызметті берілген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қатарынан күнтiзбелiк он екі ай бойы жүзеге асырмауы; 

13) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын тек қана айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі; 

14) соттың банк қызметiн тоқтату туралы шешiмді қабылдауы; 

15) уәкілетті органның банктің меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының орындамауы; 

16) банкті осы Заңға сәйкес төлемге қабілетсіз банк санатына жатқызу; 

17) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы Заңның 42-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы; 

18) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің барлық немесе мәні бойынша ұқсас жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданысын тоқтата тұруы не одан айыруы; 

19) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы; 

20) осы Заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы. 

1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банк (ислам банкін қоспағанда) депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады. 

1-2. Алып тасталды - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-3. Алып тасталды - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша, банкке ерікті түрде таратылуға рұқсат, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат берілген кезде жүзеге асырылады. 

2. Барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкция қолданудың мақсатқа лайықтығын айқындау және санкцияны таңдау кезінде мыналар ескеріледі: 

1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты; 

2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы; 

3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы; 

4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға тигізетін әсері; 

5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер; 

6) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қабылдауы; 

7) төлемге қабілетсіз банкке реттеу шараларын қолдану мүмкіндігі. 

3. Алынып тасталды. 

Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентiнiң 1996.01.27 № 2830 Заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1997.07.11 № 154, 1997.08.12 № 200, 1999.07.16 № 436, 2001.03.02 № 162, 2003.07.10 № 483 (2004.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.08 № 69, 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 № 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 № 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.09.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...47‑1 47‑2 48 48‑1 49 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться