Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 61-12 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
61-12-бап. Төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу ерекшеліктері

1. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) уәкілетті органға төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу туралы ұсыныс енгізеді. 

Уәкілетті орган төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мақсатында тұрақтандыру банкін құру туралы шешім қабылдайды және банктің уақытша әкімшілігіне (банкті уақытша басқарушыға) көрсетілген активтер мен міндеттемелерді тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізуді тапсырады. 

Төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

2. Осы Заңның 13, 14, 16, 17-1, 19, 20, 23, 24, 25, 27, 28-баптарында, 29-бабының 6 және 7-тармақтарында, 30-бабының 5 және 13-тармақтарында, 31, 32 және 42-баптарында көзделген банктер құруға және олардың қызметін реттеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33 – 74-баптарының ережелері тұрақтандыру банкіне қолданылмайды. 

Тұрақтандыру банкін құру тәртібі, оның жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшері және оларды қалыптастыру тәртібі, тұрақтандыру банкін басқару тәртібі, жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу тәртібі, тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының шығарылымын тіркеу және жарияланған акцияларының күшін жою тәртібі, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің осы Заңда көзделген банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

3. Тұрақтандыру банкі уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңда көзделген банк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруға құқылы. 

Тұрақтандыру банкі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері банктің меншігіне өткен кезде осы ұйымдардың акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алуды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында банктер үшін рұқсат етілген қызметті жүзеге асыруға құқылы емес. 

4. Активтер мен міндеттемелер тұрақтандыру банкіне берілгеннен кейін сыйақыны есепке жазу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындау он екі ай мерзімге тоқтатыла тұрады. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша міндеттемелерді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдындағы міндеттемелерді, сондай-ақ тұрақтандыру банкіне берілген активтермен қамтамасыз етілген екінші деңгейдегі банктердің алдындағы міндеттемелерді қоса алғанда, орындау мерзімі басталған міндеттемелерді орындауға тиіс. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша міндеттемелерді орындайды. 

5. Соттың төлемге қабілетсіз банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тұрақтандыру банкі уәкілетті органмен келісу бойынша төлемге қабілетсіз банктің өзіне бұрын берілген активін басқа активіне ауыстыруға құқылы. 

6. Тұрақтандыру банкі уәкілетті орган айқындайтын басқа банкке активтер мен міндеттемелерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен береді. 

Тұрақтандыру банкінің міндеттемелерін осы бапта көзделген тәртіппен беру тұрақтандыру банкінің депозиторлары мен кредиторларының келісуінсіз жүзеге асырылады. Тұрақтандыру банкі депозиторлар мен кредиторларды хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде тұрақтандыру банкінің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беру туралы хабарландыру жариялайды. 

7. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкі қабылданған активтер мен міндеттемелерді сатып алушы-банкке уәкілетті орган көздеген тәртіппен және шарттарда толық бергеннен кейін өз қызметін тоқтатады. 

8. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкінің барлық акциялары тұрақтандыру банкінің капиталын ұлғайтуға және оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс істеуіне кепілдік беретін шарттарда инвесторға өткізілуі мүмкін. 

Инвестордың тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады. 

Инвестор тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алған кезден бастап банк тұрақтандыру банкінің мәртебесін жоғалтады және өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Осы банктің қызметін реттеу, бақылау және қадағалау осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 

9. Осы Заңның 61-11-бабы 2, 3, 5 – 16-тармақтарының ережелері төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу жағдайларына қолданылады. 

Ескерту. 61-12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...61‑10 61‑11 61‑12 61‑13 62 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться