Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 61-2 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
61-2-бап. Банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция

1. Банк кредиторлары мен депозиторларының құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органмен келісу бойынша банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) (бұдан әрі – сатып алушы банк) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге жол беріледі. 

2. Осы бапта көзделген операцияны жүргізу тәртібі, көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органмен келісу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

Бас банк пен еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операция осы Заңның 61-4-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бапқа сәйкес жүргізіледі.  

3. Банк банктің активтерінің және (немесе) міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыруды жариялайды. Хабарландыру осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны уәкілетті органмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, банктің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. 

4. Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктің міндеттемелерін осы бапта көзделген тәртіппен беру банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады. 

Банк активтер мен міндеттемелерді сатып алушы банкке бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде банк депозиторларынан және (немесе) кредиторларынан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың және (немесе) кредитордың міндеттемелерді беруге келісуі ретінде қаралады. 

Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде міндеттермелерді беруге қарсы депозиторлардың қарсылықтары болған кезде мұндай депозитор банктің міндеттемелерді беруіне жазбаша бас тартумен күнтізбелік он күннен кешіктірмей банкке жүгінуге міндетті. Депозитор бас тартуға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және банктік қызмет көрсету шартының талаптарына сәйкес ресімделген, депозитті қолма-қол ақшамен беру туралы немесе оның сомасын басқа банкке аудару туралы нұсқауды қоса береді.  

Осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде, банктік шоттарына банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптар, депозиторлардың банк шоттары бойынша ауыртпалықтар бар, депозиторлар алдындағы банк міндеттемелері депозиторлардың міндеттемелерді беру бойынша қарсылықтарының болуына қарамастан сатып алушы банкке беріледі. 

5. Кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы банк міндеттемелері сатып алушы банкке берілгеннен кейін осындай кредиторлар және (немесе) депозиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауды, оның ішінде депозиторлардың берілген ағымдағы және жинақ шоттарын жүргізуді сатып алушы банк жүзеге асырады. 

6. Банк сатып алушы банкке депозиторлар алдындағы міндеттемелерді банктік қызмет көрсету шарттарына қосымша келісімдер жасамастан, банкте бар олардың банк шоттарымен (жеке сәйкестендіру кодтарын сақтай отырып), олар бойынша ақша қозғалысының тарихымен, банк шоттарын ашу және жүргізу кезінде қалыптастырылған дерекнамамен, банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, орындалмаған талаптармен және міндеттемелерді беру кезінде депозиторлардың банктегі банк шоттары бойынша ауыртпалықтармен бірге беруге құқылы. 

7. Сатып алушы банк депозиторлардың банк шоттары деректемелерінің (оның ішінде банк берген жеке сәйкестендіру кодтарының) сақталуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өтпелі кезең ішінде депозиторлардың сатып алушы банкке берілген банк шоттары бойынша нұсқауларды оларда көрсетілген, депозиторлардың банк берген жеке сәйкестендіру кодтарымен, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын банктің тиісті деректемелерімен орындауға құқылы. Банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып осындай нұсқауларды орындаудың ерекшеліктері банк пен сатып алушы банктің келісімі бойынша айқындалады. 

8. Өтпелі кезең ішінде сатып алушы-банк депозиторлардың банктік шоттарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жеке сәйкестендіру кодтарын береді және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген тәртіппен, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша жеке сәйкестендіру кодтарының өзгергені туралы хабардар етеді. 

Банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындауға қабылданған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға, депозиторлардың банктік шоттары бойынша ауыртпалық салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, депозиторлардың өздеріне қойылған орындалмаған талаптар бар банктік шоттарының жеке сәйкестендіру кодтарын өзгерткеннен кейін:  

сатып алушы-банк депозитордың банктік шотына талапты (банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) жіберген немесе депозиторлардың банктік шоттарына ауыртпалықтар салған тұлғаны (органды) депозитордың банктік шоты деректемелерінің, оның ішінде жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы хабардар етеді; 

депозитордың сатып алушы-банкке берілген банктік шотына бұрын қойылған орындалмаған талаптарды сатып алушы-банк банктің деректемелерін (атауын, банктік сәйкестендіру кодын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін) сатып алушы-банктің тиісті деректемелеріне, сондай-ақ депозитордың жеке сәйкестендіру кодын осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес банктік шотқа берілген депозитордың тиісті жеке сәйкестендіру кодына түзете отырып, депозиторлардың сатып алушы-банк ашқан банктік шоттарынан орындайды; 

депозитордың сатып алушы-банкке берілген банктік шотына бұрын қойылған, банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың орындалмаған шешімдерін (қаулыларын) сатып алушы-банк олардың банкке келіп түсуінің күнтізбелік кезектілігін сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен, депозиторлардың сатып алушы-банк ашқан банктік шоттарынан орындайды. 

Сатып алушы-банк депозиторлардың банктік шоттарына қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және міндеттемелері осы банкке өткен банктік қызмет көрсету шарттарының талаптарына сәйкес жүргізеді. 

9. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10. Егер шартта өзгеше көзделмесе, құқықтар (талаптар) түрінде банк активтерін беру борышкердің (борышкерлердің) келісімін талап етпейді. 

Банк борышкерді (борышкерлерді) хабардар ету мақсатында осы баптың 3-тармағында көрсетілген, банк құқықтарының (талаптарының) бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыруды жариялайды. Борышкер құқықтарды (талаптарды) берген банкке өзінің міндеттемелерінің бір бөлігін немесе оларды толық мөлшерде орындаған жағдайда, осы орындау тиісті кредитор үшін орындалған деп танылады. 

11. Банк активтері мен міндеттемелерін беру шартқа тапсыру актісін қоса бере отырып, активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады. 

Тапсыру актісінде берілетін активтер, берілетін активтер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар және міндеттемелер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. 

Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мiндеттемедегi тұлғалардың ауысуы туралы ережелері қолданылады. 

12. Осы Заңның 61-4-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, акциялар немесе заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестері түрінде банк активтерін сатып алушы банкке беру осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. 

13. Сатып алушы банк активтер мен міндеттемелерді берген банктің банктік ақпараттық жүйесін пайдалануға құқылы. 

14. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері берілетін банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді сатып алушы банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асырады. 

15. Қайта құрылымдау процесіндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру осы Заңның 6-1-тарауының ережелеріне сәйкес қайта құрылымдау жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 61-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...61 61‑1 61‑2 61‑3 61‑4 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться