Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 74-1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
74-1-бап. Банктердi тарату кезiндегi тарату, конкурстық массасын қалыптастыру ерекшелiктерi

1. Банктiң тарату, конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен қалыптасады.

1-1. Банктiң тарату конкурстық массасына Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншік құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi.

Тарату комиссиясы бөлінген активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен арнаулы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуге өндіріп алуды қолдану құқығымен) береді.

Тарату комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкін ипотекалық облигациялар эмитенті кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.

1-2. Банктің тарату конкурстық массасына бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және шарттарда кредиторға берілген қамтамасыз ету ақысы банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан банк айырылған күнге дейін енгізілмейді.

2. Таратудың конкурстық массасын қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшiн сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу мен сақтау үшiн кастодиан-банкке сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, инвестициялық қорлардың активтерi, арнаулы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражаты, инвестициялық қордың активтерi, арнаулы қаржы компаниясының бөлінген активтері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлік инвестициялық қордың, арнаулы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.

3. Ислам банкінің тарату конкурстық массасына ислам банкінің инвестициялық депозиті туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік қосылмайды. Тарату комиссиясы аталған мүлікті, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерді басқа ислам банкіне беруге тиіс.

Ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Ескерту. 74-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.06.29 № 236 , 2003.06.03 № 427 , 2004.07.07 № 577 , 2006.02.20 № 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 № 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 № 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...73‑1 74 74‑1 74‑2 74‑3 ...78

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться