Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстанның Даму Банкi туралы
12-бап. Даму Банкiнiң қарыздар беруi

1. Даму Банкі қаржыландыруды Меморандумда айқындалған шарттарда, тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

 Берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шамасы қарыз берудің құнын және Даму Банкінің операциялық шығыстарын ескере отырып есептеледі.

Даму Банкі органдарының қаржыландыру туралы шешімдерді қабылдау жөніндегі құзыреті Меморандумда және Даму Банкінің жарғысында айқындалады.

 2. Даму Банкі беретін қарыздар, болашақта келіп түсетін мүлік кепілін, оның ішінде күтілетін жүйелі ақшалай түсімдерді, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті, тиісті мүлікке талап ету құқықтарын (мүліктік құқықтарды) қоса алғанда, кепілмен, кепілдікпен, сақтандырумен және Меморандумға сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс басқа да тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.

Даму Банкі жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға қарыздар беруге, сондай-ақ мезониндік қаржыландыруды және қамтамасыз етпей банкаралық кредит беруді жүзеге асыруға құқылы.

3. Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін және тізбесін акционерлердің жалпы жиналысы бекітетін инвестициялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттары мен тәртібі Меморандумға сәйкес айқындалады.

 Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларға, сондай-ақ жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға кредит берудің және олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуының шарттарын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген, Даму Банкімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдік шарттарын беруге тыйым салу және көрсетілген тұлғалармен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі қолданылмайды.

 4. Даму Банкінің лизингтік қызметті жүзеге асыруы туралы, жарғылық капиталдарына Даму Банкі қатысатын заңды тұлғаларға кредит беру, олардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді беруі туралы шешімдерді Даму Банкінің директорлар кеңесі Меморандумға сәйкес бекітеді.

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...10 11 12 12‑1 13 ...28

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться