Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстанның Даму Банкi туралы
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу



Ст. 2 Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178



1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де  нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

 2. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар қызметін, банк қызметін және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерін реттейтін заңнамасы Даму Банкіне осы Заңмен және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін бөлігінде қолданылады.

 3. Даму Банкiнiң инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулерi, кредит беруiнiң, меншiктi капиталды орналастыруының, бiрлесiп қаржыландыруының, кепiлдiктер беруiнiң, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциясын орындауының, экспорттық операцияларды жүзеге асыруының, субсидияланған қарыз ұсынуының және қайта құрылымдауды жүзеге асыруының лимиттері, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртібі мен мерзімдері Меморандумда белгiленедi.

Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 43, 2004.07.06 N 57, 2005.12.23 N 108, 2006.07.07 N 178, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 1-1 2 3 4 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 2-бап Қазақстанның Даму Банкi туралы 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178