Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10 Босқындар туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Босқындар туралы
10-бап. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты беру және тіркеу тәртібі

1. Пана іздеген адам Қазақстан Республикасының аумағына келісімен күнтізбелік бес күн ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезінде нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген кезден бастап, босқын мәртебесін беру туралы жазбаша өтінішхатпен жеке өзі немесе осыған уәкілеттік берілген өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына жүгіне алады. 

2. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда, бір тәулік ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына жүгінуге тиіс. 

4. Адамдар Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгені немесе болғаны үшін ұсталған жағдайларда босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен жүгінуге ниет білдірсе, құзыретті органдар адам ұсталған кезден бастап бір күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлайды. 

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы күнтізбелік екі күн ішінде олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мән-жайларын анықтайды және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркейді. 

5. Адаммен бірге келген оның он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттардың негізінде - ата- анасының бірінің өтінішхатына, ал ата-анасы болмаған кезде, олардың заңды өкілдерінің өтінішхатына енгізіледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-тармақтың қолданысы 01.01.2023 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде осы редакцияда қолданылады – 21-бапты қараңыз.

6. Пана іздеген адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күні пана іздеген адамның куәлігі беріледі және оның өтiнiшхаты бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгі мерзімге осындай адамды тіркеу жүргізіледі. 

7. Он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер пана іздеген адамның, ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің куәлігіне енгізіледі. 

Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз келген пана іздеген адамға пана іздеген адамның куәлігі беріледі. 

8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және ішкі істер органдарына босқын мәртебесін беру, ұзарту немесе босқын мәртебесін беруден, ұзартудан бас тарту туралы хабар береді. 

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...21

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться