Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Босқындар туралы

Босқындар туралы
13-бап. Адамды босқын мәртебесінен айыру



Ст. 13 Босқындар туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV



1. Егер адам:

1) босқын мәртебесі берілуі үшін негіз болған көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа не жалған құжаттарды ұсынса;

2) бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмысы үшін сотталған болса;

3) Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде жасаған саяси емес сипаттағы ауыр қылмысы үшін сотталған болса;

4) Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаттары мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттер жасағаны үшін сотталған болса;

5) террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін сотталған болса, босқын мәртебесінен айырылады.

2. Босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган аталған адамға бұл шешімнің себептерін көрсетіп және қабылданған шешімге шағымдану тәртібін түсіндіріп, шешімнің көшірмесін тапсырады немесе жібереді.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Босқындар туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV