Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Босқындар туралы

Босқындар туралы
4-бап. Босқындар мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері



Ст. 4 Босқындар туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV




Мыналар:

1) пана іздеген адамдарды және босқындарды осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес пана алу құқығымен қамтамасыз ету;

2) босқын мәртебесін беру жөніндегі рәсімдерді жүргізу кезінде әлеуметтік тегіне, нәсіліне, ұлтына, азаматтығына, діни сеніміне және саяси нанымына байланысты кемсітушілікке жол бермеу;

3) пана іздеген адамдар мен босқындардың жеке өмірі туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау;

4) пана іздеген адамдардың және босқындардың ажырап қалған отбасыларының қосылуына жәрдемдесу;

5) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында жүрген босқын балалардың құқықтарын қорғау;

6) осы Заңның 18-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде пана іздеген адамдарды және босқындарды елден шығарып жіберуге жол бермеу босқындар мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып табылады.


Статья 1 2 3 4 5 6 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Босқындар туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV