Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Босқындар туралы

Босқындар туралы
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті



Ст. 5 Босқындар туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV



Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

3) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату тәртібін айқындайды;

4) пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде уақытша қоныстандыру пункттерін айқындайды және осы мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

4-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.29 № 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Босқындар туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV