Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Босқындар туралы
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті



Ст. 6 Босқындар туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV



 Уәкілетті орган:

1) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

2-1) босқындар мәселелері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;

3) босқындар мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

7) босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың тәртiбiн, пана iздеген адам куәлiгiнің үлгiлерiн бекiтедi;

8) босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі;

9) пана іздеген адамның куәлігін береді;

10) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;

11) жол жүру құжатының үлгісін бекітеді, босқын куәлігі мен жол жүру құжатын беруді жүзеге асырады;

12) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімін қалыптастырады және ай сайын ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді;

13) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ аталған комиссияны құрады;

13-1) пана iздеген адамдар және босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етедi;

13-2) пана iздеген адамдарды және босқындарды тiркеудi жүзеге асырады;

13-3) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, шекара бұзушыларды шекарада iздеген, Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кiрудi немесе шектес мемлекет азаматтарының жаппай өтуiн тойтарған кезде пана iздеген адамдардың және босқындардың шекара аймағында (белдеуiнде) орналасқан жердегi жекелеген учаскелерге немесе объектiлерге жiберiлуiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының ұсынуы бойынша шектейдi немесе оған тыйым салады;

13-4) пана iздеген адамдарды және босқындарды соттың заңды күшiне енген шешiмдерiн орындау үшiн мәжбүрлеп шығарып жiберудi жүзеге асырады;

13-5) босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекітеді;

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.29 № 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Босқындар туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Босқындар туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV