Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Босқындар туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Босқындар туралы
8-бап. Пана іздеген адамдардың құқықтары мен міндеттері

1. Пана іздеген адамдардың: 

1) аудармашының ақысыз қызметтерін алуға және босқын мәртебесін беру туралы, өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға; 

2) Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі арқылы босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат беруге; 

3) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қайтарып алуға; 

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешіміне шағымдануға; 

5) шағымдану мерзімдерін қоса алғанда, босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат бойынша шешім қабылдау рәсімі аяқталғанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасында болуға; 

6) шыққан еліне өз еркімен қайтуға немесе кез келген үшінші елге қоныс аударуға; 

7) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсетілуіне; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек ету бостандығына немесе кәсіпкерлік қызметке; 

9) мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. 

2. Пана іздеген адамдар: 

1) босқын мәртебесін беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті дәйекті мәліметтерді хабарлауға; 

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде және тәртіппен міндетті медициналық тексеріп-қаралудан өтуге; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға; 

4) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен шығып кету ниеті туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлауға; 

5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері өзгерген кезде бұрынғы тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының есебінен шығуға және келген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа тұрғылықты жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында есепке тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеуге; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6) тармақшаның қолданысы 01.01.2023 дейін тоқтатыла тұрады – 21-бапты қараңыз.

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндетті. 

3. Пана іздеген адамдардың өзге де құқықтары мен бостандықтары болады, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді мойнына алады. 

Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6‑1 7 8 9 10 ...21

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться