Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы

Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы
13-бап. Химиялық өнімнің қатерін бағалау



Ст. 13 Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302




1. Химиялық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдану қатерді бағалауға негізделуге тиіс.

2. Өтінім берушінің (өндірушінің, өнім берушінің, импорттаушының) қатерге бағалау жүргізуі барлық химиялық өнім үшін міндетті.

3. Химиялық өнімнің қатерін бағалау:

1) химиялық өнім қауіптілігінің түрлерін анықтау;

2) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп немесе ықтимал қауіп төндіретін химиялық өнімнің әсерін талдау;

3) анықталған қатерлерді шектеу жөніндегі шараларды айқындау арқылы жүзеге асырылады.

4. Химиялық өнім қауіптілігінің қатерін бағалау кезінде қолда бар техникалық құжаттамалар, ғылыми деректер, талдау және зерттеу әдістері, библиографиялық сілтемелер, іріктеп бақылау деректері пайдаланылуға тиіс.

5. Уәкілетті органдар осы Заңның 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес адамның өміріне және (немесе) денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру фактілері туралы ақпарат алған жағдайда қатерді бағалауға тексеру жүргізуді ұйымдастырады.

6. Өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) қатерлерді бағалауды химиялық өнімді тіркегенге дейін жүргізеді.

7. Қауіпті немесе ықтимал қаупі бар химиялық өніммен байланысты мүмкін болатын қатерді бағалау үшін өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) мыналарды:

1) қауіпті химиялық заттардың бар екенін;

2) қауіптілік көрсеткіштерін;

3) қауіпті әсер етудің түрлері мен олардың туындау жағдайларын;

4) физикалық-химиялық қасиеттерін;

5) қоршаған ортаға әсер ету факторларын көрсетеді.

8. Уәкілетті органдар қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратуға немесе химиялық өнімге сынақ жүргізуге құқылы.


Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302