Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы

Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы
15-бап. Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты және оған қойылатын талаптар



Ст. 15 Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302



1. Химиялық өнімді нарықта орналастыру үшін беретін өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) оған қауіпсіздік паспортын қоса беруге міндетті.

2. Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортында химиялық өнім туралы мынадай ақпарат болуға тиіс:

1) химиялық өнімнің (заттың, препараттың және өндірушінің) айқындамасы;

2) қатердің (қатерлердің) айқындамасы;

3) құрамы, химиялық заттар туралы ақпарат;

4) алғашқы көмек көрсету шаралары;

5) өртке қарсы шаралар;

6) төтенше жағдайлар кезіндегі шаралар;

7) айналысы және сақталуы;

8) сәулеленуден қорғау, жеке қорғану;

9) физикалық және химиялық қасиеттері;

10) тұрақтылық және реактивтілік;

11) уыттылық туралы ақпарат;

12) экологиялық ақпарат;

13) қалдықтарды меңгеру;

14) тасымалдау туралы ақпарат;

15) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген химиялық өнімнің жекелеген түрлері туралы ақпарат.

3. Тұтынушының сұратуы бойынша оған химиялық өнім және оның адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті қасиеттерінің әсерінен қорғану шаралары туралы қосымша ақпарат беріледі.

4. Химиялық өнімге ілеспе құжаттарда қауіптілік қатерін азайту үшін жіктеме және алдын ала сақтық шаралары туралы ақпарат болуға тиіс.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302