Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 16 Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы
16-бап. Химиялық өнімді өндіру және қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары

Химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде уәкілетті органдар бекіткен нормаларға сәйкес қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілуі қажет, олар:

1) химиялық өнімді өндіру кезінде қатерлердің қауіптілігін барынша азайтатын технологиялар мен жабдықтарды, еңбек тәсілдері мен әдістерін таңдауды;

2) химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде пайдаланылатын техникалық құралдар мен қорғану құралдарын пайдалануды және тиісінше күтіп ұстауды;

3) қауіпті немесе ықтимал қаупі бар екенін көрсететін сақтандыру белгілері мен таңбаланымдарын пайдалануды;

4) жеке гигиенаны сақтауды және персоналда жеке қорғану құралдары мен арнайы киімдерінің болуын;

5) авариялық жағдайларды болғызбауды және оларды жою құралдарының болуын қамтиды.
Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...25

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302