Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы
18-бап. Химиялық өнімді таңбалауға қойылатын талаптар



Ст. 18 Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302



1. Барлық химиялық қауіпті өнім оның қауіпті қасиеттері туралы хабардар ететін ескертпемен таңбалануға тиіс.

Химиялық өнімді ескертпелік таңбалау кезінде көрсетілетін стандарттық қауіптілік нышандарының тізбесі халықаралық талаптарға сәйкес белгіленеді және оны техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

2. Химиялық өнімнің орамасындағы немесе ыдысындағы ескертпелік таңбаланым:

1) өтінім берушінің (өнім берушінің, өндірушінің, импорттаушының) атауын және телефон нөмірін, факсін, телексі мен электронды мекенжайын қоса, толық мекенжайын;

2) атауын (атауларын);

3) қауіптілік түрін;

4) массасын немесе көлемін;

5) партиясының нөмірін;

6) дайындалған (шығарылған) уақытын және жарамдылық мерзімін;

7) стандарттық қауіптілік нышандарын қамтуға тиіс.

3. Ескертпелік таңбаланым жуғанда кетпейтін айқын әріптермен және (немесе) нышандармен жазылады.

4. Химиялық өнімді ескертпелік таңбалаусыз нарыққа шығаруға және сатуға жол берілмейді.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-бап Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302