Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы

Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы
19-бап. Химиялық өнімге нарықтағы айналысы кезінде қойылатын талаптар



Ст. 19 Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302



1. Химиялық өнім, егер ол Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келсе, нарыққа шығарылуы және қолданылуы мүмкін.

2. Өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) химиялық өнімнің нарықтағы қауіпсіз айналысына қажетті барлық жағдайды қамтамасыз етуге тиіс.

Бөлшек саудада өткізу кезінде химиялық өнімге нұсқаулық қоса беріліп, онда мынадай ақпарат:

1) химиялық өнімнің арналған мақсаты;

2) қолданылу шарттары;

3) сақтау шарттары;

4) қауіпті қасиеттерінің бар екендігі;

5) қауіпсіз қолдану жөніндегі шаралар;

6) алғашқы көмек көрсету шаралары қамтылуға тиіс.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302