Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы
8-2-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті



Ст. 8-2 Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302



Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне:

1) осы Заңда және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау;

2) осы Заңның және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімді анықтау және оны өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында тұтыну нарықтарына мониторинг жүргізу;

3) өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) ұсынған ақпарат негізінде химиялық өнімнің адам денсаулығы мен өмірі, қоршаған орта үшін қатерін бағалауды тексеру;

4) осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімнің өмірлік циклінің бір немесе бірнеше процесін тоқтата тұру туралы нұсқамалар беру жатады.

 Ескерту. 2-тарау 8-2-баппен толықтырылды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...8 8-1 8-2 9 10 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-2-бап Химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302