Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы

Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:  

1) қатерді бағалау - қауіп дәрежесін айқындауды қамтитын, ойыншықтардың адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға ықтимал әсерін анықтауға бағытталған шаралар кешені;  

2) ойыншықтар - балалардың тек қана ойын мақсатында пайдалануына арналған бұйымдар;  

3) ойыншықтарды Қазақстан Республикасының нарығында орналастыратын тұлға - ойыншықтарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін немесе тегін тарататын жеке немесе заңды тұлға;  

4) ойыншықты дұрыс пайдаланбау - ойыншықты дайындаушы көздемеген жағдайларда немесе мақсаттарда пайдалану;  

5) ойыншықтың материалы - ойыншықтарды дайындау кезінде пайдаланылатын, олардың қолдану үшін қолжетімді құрамдас бөліктері;  

6) пайдаланушы - ойыншықты тікелей пайдаланатын адам;  

 7) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

8) тұтынушы - ойыншықтарды сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;  

9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

10) функционалдық ойыншық - ересектер пайдаланатын бұйымдардың немесе құрылғылардың кішірейтілген ауқымдағы моделі болып табылатын, сол мақсатты және сол функцияларды орындауды имитациялайтын ойыншық;  

11) химиялық ойыншық - ойнау процесі химиялық реакцияларды жүзеге асыруға байланысты ойыншық;  

12) электрлі ойыншық - электрге қатысты кемінде бір функциясы бар ойыншық.

 Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...19 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306