Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы
12-бап. Ойыншықтардың электрлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар

Ст. 12 Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
Ойыншықтардың электрлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай талаптар белгіленеді:  

1) балалардың ойыншықтары үшін, сондай-ақ ойыншықтардың жекелеген бөлшектеріндегі қуат беру көздерінің белгіленген кернеуі жиырма төрт вольттан аспауға тиіс;  

2) электр көзімен жанасқан кезде электр тогының соғуын туғызуы мүмкін ойыншықтардың бөлшектері, сондай-ақ ойыншықтардың бөлшектеріне электр өткізетін кабельдер, сымдар немесе өткізгіштер тұйықталған және механикалық тұрғыдан қорғалған болуға тиіс;  

3) электрлі ойыншықтар, оның барынша қызатын барлық бөліктерін ұстаған кезде күйдіруден қорғау кепілдігін бере алатындай етіп жобалануға және дайындалуға тиіс.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...19

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306