Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы
18-бап. Өтпелі ережелер



Ст. 18 Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306



1. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітетін нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының нарығында орналастырылған ойыншықтар үшін олардың сәйкестігін растайтын құжаттар оларда көрсетілген қолданылу мерзімі ішінде күшін сақтайды.

 3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін пайдалануға берілген және сәйкестігі міндетті расталуға жататын ойыншықтар үшін олар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналысқа қайта түскен кезде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті түрде сәйкестікті растау жүргізілуге тиіс.

Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-бап Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306