Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Ойыншықтардың қауiпсiздiгi туралы
5-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті

1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:

1) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасынан өкілдік ету;

3) ойыншықтар қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;

4) қатерлерді бағалау бағдарламасын әзірлеу;

5) ойыншықтардың қауіпсіздігі жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтер әзірлеу;

6) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті ойыншықтарды анықтау және оларды өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды тұжырымдау мақсатында тұтыну нарығына бақылауды және мониторингті жүзеге асыру;

7) ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келісу;

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:

1) техникалық регламенттерді келісу;

2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

3) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

3. Алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне ойыншықтардың психологиялық-педагогикалық сараптамасын жүргiзу тәртiбiн бекiту, ойыншықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi келiсу және осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

5. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзырет шегінде техникалық регламенттердің талаптарына ойыншықтардың сәйкестігін бақылау жатады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...19

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться